È

«Қазаққа ғашық болмаудың бес себебі»: Асқар Ұзабаевтың аудармаға қатысты қиындықтары

«Қазаққа ғашық болмаудың бес себебі» фильміне пікірнама

Режиссер Асқар Ұзабаев тағы да жеңіл жолмен жүріп, өзінің сүйікті жанры – мелодрама элементтері бар комедия түсірді. «Қазаққа ғашық болмаудың бес себебі» фильмі арандатушылық атауға ие, бірақ хикая махаббат пен адасушылыққа тап болған қарапайым ғана отбасы туралы баяндайды.

Фильм басты кейіпкер Динараның бірнеше уақыттан кейін үйіне оралудан басталады. Ол кішкентай шабаданын сүйретіп, өзімен бірге француз күйеу жігіті Жюльді ертіп әкеледі. Динараның әкесі феминизммен келіседі, алайда шетелдік күйеу баланы қабылдай алмайды. Ұрыс кезінде күйеу жігіт қайтадан Парижге ұшып кетеді, ал кейіпкеріміз әкесінің алдында қазақ жігіттерінің шетелдіктерден де жаман екенін дәлелдеу үшін қулыққа барады. Оған ерекше дарынды такси жүргізушісі Дархан қол ұшын созады, ол өз әрекеттерімен «нағыз қазақтарға» тән қатып қалған көріністі бейнелеуге тырысады. Бұл қысқаша синопсис картинадағы бар жағдайды суреттейді, ал қалғанын көрермен көрсетілім алдында-ақ оп-оңай біле алады. Француздар осы тектес фильмді – басты рөлдердегі Ален Шаба мен Шарлотта Генсбурмен түсірілген «Үйленіп, қалай бойдақ болуға болады» картинасын баяғыда-ақ түсіріп қойған.

Ұзабаевтың көптеген картиналарындағыдай, бұл фильмнің басты мәселесі – салмақты көріністі жеңіл оймен араластыру. «Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» ұлттық бояуы бар комедия секілді еді, кенеттен жалпы сюжетке ойдан шығарылған көріністерді қосып қояды. Біз мына жақта күлкілі болу үшін қалжыңдап отырмыз (немесе тырысудамыз), бірақ бізде де рухани жарақаттың барын ұмытпағайсыздар! Сонымен қатар, ұлттық сауал да бар (жалпы, оны барынша айналып өтуге тырысамыз, себебі оны талқылау – өте қауіпті, ал бізге жақсы жинақ керек)! Фильмге деген қызығушылықты осындай «өткір» тақырып арқылы ояту авторларға кері әсерін тигізуі мүмкін. Мұндай әзілді тым жақын қабылдайтын халық айналымдағы комедияны мүлдем көрмейді. Ал «5 себепті» көргісі келгендер картинадағы шиеленісті байқай алмайды, себебі бұл жақта арандатушылық жағдай жоқ.

Драматургия көзқарасымен қарасақ, мұнда күрделі сюжет жоқтың қасы, жалпы осы тектес комедияға ол қажет те емес. Фильмде бір ғана желі бар - Динара мен Дарханның және қызы мен әкесінің, айналадағы адамдар арасындағы қарым-қатынас. Операторлық жұмыстан мін таба алмайсың, барлығы таза әрі әдемі, осы жерден тоқтайық. Музыкасы орташа, ең жарқыны «Зың, зың» композициясы болып табылады. Осы көрініс көрермендерді қуантуы мүмкін. Актерларға келер болсақ, барлығы орташа. Әсел Сәдуақасова бұл фильмде «көрші ауладағы сүйкімді қыз» қалыбынан шығып, «көкбет қызға» айналады, ол картинаның алғашқы бөлімінде біртүрлі болып көрінді. Ал Нұржан Садыбеков керісінше, қылмыстық жігіттен әсерлі әрі тартымды басты кейіпкерге айналды. Морган Сеги жәй ғана француз, ол өзінің француз тіліндегі мәтінін айта отырып, шынайы болып көрінгісі келеді.

Әкенің рөліндегі Мұрат Нұрасылов күлкілі бөлікті өз мойнына артып алған, бірақ кейде тым артық ойнап жібереді. Басқа эпизодшы актерлар өз рөлдерін жақсы алып шықты, осылайша басты кейіпкерлердің ойынын әсірелей түскендей.

Жалпы, жаман емес, сүйкімді әрі жағымды кино, картинада ұлтшылдыққа қатысты ешқандай мәселе жоқ. Бұл хикая барлық қатысушының жеке басына арналған, ұлтаралық қақтығысты тудырмайды. «Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» - әдемі суреттері, жақсы дыбысы және созылмаған хронометражы бар мықты орташа фильм. Жаңа жылдық мерекелердің алдында жайланып отырып көруге болатын кино.

 

Варвара Литвинова

 

«Бродвей» редакциясы «Қазаққа ғашық болмаудың бес себебі» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін Sunny Production және 567 cinema, сондай-ақ Chaplin Mega Park кинотеатрына алғыс білдіреді.

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер