È

Алматыда «Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» фильмінің тұсауы кесілді

Алматыда «Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» фильмінің тұсауы кесілді

Әсел Сәдуақасова және Асқар Ұзабаев «Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» атты үшінші біріккен жобаларын таныстырды. Романтикалық комедияны алғашқылардың бірі болып, киноқайраткерлер мен шоу-бизнес өкілдері тамашалады. Көрсетілімнің құрметті қонақтарының арасында Алматы әкімі Бауыржан Байбек те бар.

«Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» француз жігіті Жюльға ғашық болған Динара туралы баяндайды. Ол жігіт кейіпкерге үйлену туралы ұсыныс жасайды. Бойжеткеннің әкесі жалғыз қызын шетелдік жігітке бергісі келмей, қарсылық танытады. Динара жағдайдан шығу үшін такси жүргізушісін өтірік жігіті болуға көндіреді. Жігіт қыздың әкесіне қазақ жігіттерінің кемшіліктерін көрсетуі тиіс.

Асқар Ұзабаев «Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» фильмінің тұсаукесерінде

«Facеbook-тен бір жағымсыз мақала оқыдым. Ол жақта отандастарымыз қазақ қыздарының шетелдіктерге ғашық болуына қарсылық білдірген екен. Ал шетелдік азаматқа ғашық болғандарды азаматтығынан айыру керектігін айтқан. Осы тұста мұны фильм түсіруге арналған керемет идея екен деп ойладым. Негізі, картина ұлттар туралы емес, алдымен махаббат жайлы баяндайды. Масты мақсаты – махаббаттың ұлтқа бөлінбейтінін жеткізу. Сценарийі түсірілім барысында өзгеріске ұшырап отырды. Тіпті, фильм соңының бірнеше нұсқасын түсіріп көрдік», - деді Асқар Ұзабаев.

Сценарий авторлары - Сәбит Рахымбаев пен Әуэз Әуэзов. Авторлар фильмнің алғашқы сценарийден 80%-ға өзгергенін байқаған.

Кинотаспаға Әсел Сәдуақасова мен Морган Сеги түсті. Ұзабаевтың айтуынша, ол такси жүргізушінің рөліне қазақстандық Адриано Челентаноны іздеген. Қажетті үміткерді ұзақ іздеген, ақыры кастинг соңына таман Нұржан Садыбеков келіп, осы рөлге бекітіледі.

«Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» фильмінен көрініс

«Мені осы рөлге бекіткен соң, оңай болмайтынын сездім. Кейіпкерім екеуіміз екі түрліміз. Негізі, лирикалық образдар мен үшін қиындау. Бірақ, өз-өзіммен жұмыс істей келе, үйреніп кеттім. Көрермен еңбегімді бағалайды деп үміттенемін. Жалпы, әртіс әр кейіпкерді ойнаған сайын бәр нәрсе үйренеді. Сондықтан, бұл жобадағы жұмысым таптырмас тәжірибе болды», - дейді Нұржан.

Отандық көрермен қазаққа ғашық болмаудың 5 себебін Жаңа жыл қарсаңында білетін болады. Фильмнің кинотеатрдағы көрсетілімі – 28 желтоқсан.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

25 желтоқсан 2017, 02:17

Схожу, надо же не то, что влюбиться, а потерять голову от любви. Если есть кого любит, а у меня есть и поэтому. Для меня это очень важно.

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист