È

«Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» фильмінің трейлері

«Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» фильмінің трейлері

Желіге «Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» фильмінің ресми трейлері жүктелді. Фильм - продюсер әрі актриса Әсел Сәдуақасованың және режиссер Асқар Ұзабаевтың біріккен жобасы.

«Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» кинотаспасы шетелде оқып, отанына оралған Динара туралы баяндайды. Бірақ, кейіпкер жалғыз емес, жігітімен бірге келеді. Бойжеткеннің әкесі жалғыз қызының қазаққа шығуын қалап, оның таңдауын құптамайды. Көп ойланбай, Динара жалған қазақ күйеу жігітті тауып алады, басты кейіпкердің не себепті мұндай қадамға барғанын жақында біле аласыздар.

«Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» фильмінен көрініс

Сценарийін көптеген отандық комедиялардың авторлары Сәбит Рахымбаев және Әуэз Әуэзов жазды. Авторлардың айтуынша, қазақстандықтар отбасы құндылықтары мен дәстүрді дәріптейтін әсерлі махаббат хикаясына куә болмақ.

Экрандағы Динара образын Әсел Сәдуақасова сомдады. Шетелдік ғашық жігіт рөлінде Морган Сеги болса, қазақ күйеу жігітінің рөлін Нұржан Садыбеков алып шыққан. Комедия Алматыда осы жазда түсірілді.

«Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» фильмі айналымға ағымдағы жылдың 28 желтоқсанында шығады.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Салима Дуйсекова

29 қараша 2017, 14:32

Экая залепуха.

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер