È

Әсел Садуақасова «Қазаққа ғашық болмаудың бес себебі» атты жаңа фильмге продюсер болды

Әсел Садуақасова «Қазаққа ғашық болмаудың бес себебі» атты жаңа фильмге продюсер болды. Қазақстан киносы

Алматыда «Қазаққа ғашық болмаудың бес себебі» («Пять причин не влюбиться в казаха») толықметражды картинасының түсірілімі басталды. Фильм - продюсер Әсел Садуақасованың бесінші мерейтойлық киножобасы. Оның алдыңғы жолдары продюсерлік еткен картиналары: «Адель», «30-да күйеуге шығу», «Келін де адам баласы» және «91».

«Қазаққа ғашық болмаудың бес себебі» картинасының түсіріліміне режиссер Асқар Ұзабаев та атсалысуда. Кино қайраткері үшін бұл - Әсел Садуақасовамен бірігіп түсіріп жатқан үшінші жұмысы. Мұның алдында олардың біріккен жобасы – «Келін де адам баласы» фильмі жарыққа шыққан-ды. Ал жақында «91» атты өмірбаянға құрылған таспаларының түсірілімі аяқталды.

Режиссер: «Көрермендер фильмді көріп болған соң, басты сезім – махаббат екенін түсінетін болады»,- дейді. Сонымен қатар, барлығы ортақ үлкен жобамен жұмыс істеп жатқандықтан, ол түсірілім тобына түсіністік пен сыйластықты тіледі.

Жаңа фильмнің қоюшы-операторы ретінде «Ән-аға» және «Сүйе білсең» хикаялары арқылы танымал Қазбек Әмержанов таңдалды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер