È

«Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» фильмі желтоқсанда шығады

«Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» фильмі желтоқсанда шығады

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде отандық айналымға Асқар Ұзабаев пен Әсел Сәдуақасованың бірігіп түсірген «Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» фильмі шығады. Авторлар картинаның шығуының алдында ресми постерін жариялады.

«Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» фильмінде қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі – этносаралық некелер қозғалған. Динара Франциядағы оқуынан кейін отанына оралады. Бірақ, үйіне жалғыз емес, шетелдік күйеу жігітімен бірге келеді. Бойжеткеннің әкесі әрине бұған қарсы болады, сондықтан кейіпкер жалғандыққа барады. Ару жергілікті такси жүргізушіні уақытша жаңа күйеу жігіті болуға көндіреді. Бұл оқиғаның немен аяқталатынын көрермен алдағы қыста біле алады.

Басты кейіпкерді Әсел Сәдуақасова сомдады. Оның сөзінше, Динара – әр қадамын алдын-ала ойластыратын жігерлі әрі ақылды қыз. Тартымды шетелдік жігітті Морган Сеги сомдады, ал такси жүргізушісінің рөлі Нұржан Садыбековке бұйырды.

Сценарий авторлары Әуэз Әуэзов пен Сәбит Рахымбаев болды. Шытырманға толы комедия Алматыда 2017 жылдың мамырынан маусым айына дейін түсірілді.

Асқар мен Әсел бұрын «Келін де адам баласы» және «Ninety One» картиналарымен бірге жұмыс істеген. Қос жоба да көрерменнің көңілінен шықты.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер