È

«Соқыр махаббат»: Көзімді төмен түсірейінші

«Соқыр махаббат» («Слепая любовь») фильмі туралы сыни пікір

Той-бизнес жұлдыздарының отандық киноөндіріске өз үлестерін жиі қосып жүргеніне қазақстандық көрерменнің көзі әбден үйреніп қалған шығар.

«Соқыр махаббат» фильмінің тұсаукесері Сиви Махмудидің кинода басты рөлді сомдаушы Ренат Баситтің көлігінің терезесін шағып жатқан бейнежазбасымен тұспа-тұс келіп, халықты бір шулатты. Екі әртіс те аталмыш картинаның продюсері болып табылады.

Оқиғада түрмеден шыққан Арлан мен қайғылы жағдайдан кейін қос жанарынан айырылған Әнел есімді қыздың махаббаты баяндалады. Осы бір ғана сөйлемнің өзінде (тіпті, «Пусть говорят» бағдарламасының жүргізушісі Андрей Малаховтың қызығушылығын тудыратын) Данияр Саидтың барлық сюжеті жатыр.

Барлығымызда өмірде бір рет болса да тезірек құтылуға асығатын, дұрыс шықпаған суретіміздің немесе бейнежазбамыздың болуы мүмкін ғой. Бірақ, Басит мырза мен Махмуди ханымның ұятын «Соқыр махаббат» туындысы туғызбайтыны қызық-ақ. Көрермендер ұялсын дегендей, айналымға шығарып жібергендері таң қалдырады.

Алғаш рет Сиви Махмуди мен Ренат Басит Қайрат Нұртастың өмірін баяндайтын «Өкініш» фильмінде төбе көрсеткені белгілі. Бұл фильм 3-4 жыл бұрын түсірілген. Содан бері, актерлер сол секілді тағы бір туындыда түсуді армандап жүргендей көрінді маған. Үндістан мен Өзбекстан кинематографтарының күлкісін келтіретін сюжет жазылды. Картинаға қосымша тойларды түсірумен айналысатын режиссер шақырылғандай. Сонымен қатар, ұяттан гөрі ақшаны бірінші орынға қоятын түсірілім тобы жұмыс істегендей.

Өзін романтикалық кейіпкермін деп есептейтін Сиви Махмудидің актерлік деңгейі БАҚ жарыса жариялаған атышулы бейнежазбаның аясында қалып қойды. Әйелдің экрандағы серіктесі Ренат Басит қазақстандық актерлердің соңғы шыққан ойынын тамашалай отырып, қабақты түйіп жүріп рөлді керемет ойнап шығуға болады деп ойлаған секілді.

Картина режиссері мен сценарий авторы еш қиналмастан драматургия, композиция сынды түрлі сахналарды бір фильмге сыйғызып қойды. Сондықтан, фильмді көре отырып, менде үнемі түрлі сұрақтар туындады. Неге Арлан өзіне ешкім боп келмейтін, жағымсыз адамды ұстап бермеді? Неге сол үшін түрмеге отырып шықты? Жоқ әлде, кез-келген адамды ұстап бере салатын ақымақ емеспін дегені ме? Басында керемет баспанасы және сәнді киімдері бар соқыр қыз 5 жыл бойы кім болып жұмыс істеуі мүмкін? Бір-ақ рет мотоциклмен барған қала сыртындағы жерді соқыр қыз қалайша тез тауып алды? Неге Әнел 5 жыл бойы соқыр болып жүреді де, кенеттен дәрігер тез арада көзге ота жасамаса, 2 күн ішінде өлетінін айтады?

Сонымен қатар, фильмнің дыбысталуын да айта кеткім келеді. Өте нашар дыбысталған. Әсіресе, Арланның отырып шығуына кінәлі бұзақы рөліндегі кейіпкердің (той-бизнес жұлдызы Серікбол Сайлаубек ойнаған) дауысы тым жағымсыз естілді.

Және де кинода жаттанды диалог көп кездеседі. Менің сүйікті диалогым:

- Адамдар ешқашан барын бағаламайды.Аяғы жоқтар жүгіріп кетуді, мылқаулар сөйлеуді, ал мен көруді армандаймын!

- Әнел, сен сондай ақылдысың!

Яғни, сіздер де фильм авторлары мен кейіпкерлердің интеллектуалды деңгейін байқадыңыздар ма?

Жалпы айтқанда, мелодрама бағытындағы фильмдерге қатысты отандық киноөндірушілердің санасы баяу жұмыс істейтін секілді. Бір-бірін қайталайтын, бір сарынды сюжеттер. Өйткені, соңғы жылда сюжеті ұқсас келетін бұл үшінші мелодрама (өткен жылдың басында Еркін Рақышев осы тектес «Әйгерім» фильмін, ал күзде «04:29» деп аталатын кино түсірілген) болып табылады. Ең қызығы, көз жанарынан айырылғандар кейіпкерлер бола тұра, кинотеатрларда толықметражды кино ретінде көрсеткісі келетін бірдей фильмді, бірдей сюжетті көрмеу үшін көзін жұмуға көрермен мәжбүр.

 

 

Киноға Кәрім Қадырбаев барды

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса