È

«Қалай да той жасау»: Ол тойдан ешқашан оралмайды

 «Қалай да той жасау» фильміне пікір

Біздің кинодағы тойдың бітпейтін әзілдері, дәл сол той жайлы киноның өзі сияқты аз жалықтырған жоқ. Дегенмен, отандық продюсерлер мен қоюшылар бұл тақырыптан әлі де бір нәрсе шығаруға болады деп ойлайды. Шығаруға талпынып та жатыр. Расымен, мұны көру қызықсыз, әрі көңілсіз болып бара жатыр. Нұртас Адамбайдың «Мен –күйеу жігітпін!» фильміндегі алғашқы шығармашылық сәтсіздігінен кейін, экранға Қанағат Мұстафин мен Айдын Сахаманның режиссерлігімен тойдың айналасындағы алаяқтықты көрсететін тағы бір фильм шықты.

Жас телесценарист Мақсат қарындасының ұзату тойы өтетін ресторанға төлеуге тиіс ақшаны абайсызда жоғалтып алады. Отбасын масқара болудан сақтап қалғысы келген Мақсат тойды әріптестерімен бірге сол жерде ойлап тапқан реалити-шоу аясында өткізбекші. Қалғаны оңай, режиссерді бейімдеп, туыстары ештеңе сезбес үшін ресторанға арналған студияны қайта жабдықтау қажет.

Кейбіреулердің есінде болар, Асқар Бисембиннің өткен жылғы Наурызға тұстастырған киносы сәтсіз аяқталған болатын. Бірақ, өкінішке орай, бұл ешкімді тоқтатпады және ешнәрсеге үйреткен жоқ. «Қалай да той жасау» сюжеті толықтай ұлттық мерекеге байланысты және дәл сол сияқты отандық жұлдыздармен сомдалған кейіпкерлердің көптігінен зардап шегеді, сюжеттік байланыстар логикалық жағынан соңына дейін жеткен жоқ.

Мұстафин мен Сахаманның картинасына қарап «конвейерлік кино» деген анықтама беруге болады. Егер сіз той жайлы ең болмағанда екі комедияны көрсеңіз, онда «Қалай да той жасау» фильмінің әр сахнасында не болатынын 99% біліп отырасыз. Картина барлық жағынан, «туыстарын ренжітпеу үшін» және сенімсіз алаяқтықтан бастап, басты сюжетке ешқандай байланысы жоқ әншілер мен музыканттармен аяқталуына дейін қайталанады.

Жалпы, мағыналық жағынан барлығы көңілсіз шыққан. Мысалы, фильмде мерекедегі кінәлілер (күйеу жігіт пен қалыңдық) жиһаздың қызметін атқарады. Фильм бойы Олжас Әлжанов пен Ақбота-Нұр Сейтмағанбет он шақты ілікпе сөз айтады. Дегенмен, бұл шындық элементі. Мерекелік тойларда мұндай жағдай жиі ұшырасады.

Бұдан ары қарай Мақсат пен режиссер қыздың арасында махаббат оқиғасы басталады (олар еденге құлап кеткен затқа бірдей жармасады) және ата-аналарының танысуымен аяқталады. Бұл кейіпкерлердің арасынан ешқандай байланыс көре алмайсыздар.

Фильмнің толығымен алып тастауға болатын тұстары бар. Оның ішінде, Мақсаттың студияның павильондарында күйеу жігіттің қарындасын жоғалтуы және оны дәлізде жарты минут бойы іздеуі және ...болды. Содан кейін, кішкентай баланы барлығы ұмытып кетеді және жарық өшкен сахнада ғана естеріне түседі. Жарықтың өшуінің бір маңызы бар деп ойлайсыздар ма? Жоқ, ешқандай.

Бұған қоса, бір ұлттық тасымалдаушының ыңғайсыз кірістірілген жарнамасы бар, ал Астанадан Алматыға ұзату тойға бара жатқан кейіпкерлер ешкімнің есінде де жоқ. Олар кім? Олар не істеп жүр? Неге жүр?

Ең өкініштісі, фильм түсірушілер талантты актерлерді ешқандай күш жұмсамай-ақ сомдайтын рөлдерге пайдаланғандығы. Жан Байжанбаев айғайшыл режиссердің рөлінде, Максим Акбаров ашулы продюсердің рөлінде, Фархад Әбдірайымов байқау барысында қойды жесе, Динара Бақтыбаева тәттілерді жейді. Бұл жағдайлар құдды бір «микроскоппен шегені қағу» сияқты.

Қазақсандық кино әлсіз драматургияны сапалы әзілмен шығаратын жағдайды еске түсіреді. Бірақ «Қалай да той жасау» авторларының арзанқол әзілдерді кірістіруі ыңғайсыз көрінеді. Байжанбаевтың боялған беті (сәлем, «Маски-шоу!»), мағынасыз жарыста қойдың етін тоя жеген жеңімпаздың қарнының шығып кетуі, егде әйелдің брейк билеуі және жас бойжеткеннің денесіне қарияның ақша қыстыруы. Бұл жауыр болған әзілдердің толық карнавалынан алыс. Бір сәтте, «Бенни Хилл шоуының» әуені ойнап барлық кейіпкерлер(ал фильмде негізгі кейіпкерлер 20-дан аз емес ) бір-бірін айнала билеуді бастап кететін сияқты көрінеді.

Бірақ шоу-тойдағы ең өкініштісі – финалда жастардың махаббаты да, тіпті, бас кейіпкердің отбасына деген махаббаты да жеңіске жетпейді. Соңында үстел басында көңіл көтеріп отырған үш аға күйеу жігіттің әкесіне келіп, оның құдалары «керемет» екенін айтады. Бұл қалыңдық пен күйеужігіттің жиһаз болғанынан, жақсырақ, әрине. Шынайы әрі көңілсіз.

 

Киноға барған Кәрім Қадырбаев

 

«Қалай да той жасау» фильмінің кестесі кинотеатр афишаларында қолжетімді

 

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер