È
Кіру
Парольді ұмыттыңыз ба?

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунт жоқ па?Тіркелу

Қолданушы келісімі

Келісім шарттарымен таныстым

Тіркелу
+7
Пожалуйста, оставляйте реальные данные, чтобы мы могли помочь вам в случае возникновения проблем работы сайта.

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунтыңыз бар ма?Кіру

Парольді қалпына келтіру

Жоқ, рахмет.Мен парольді есіме түсірдім

Казахстанский Бродвей
Кинотеатр
Қазақстан киносы
  • Әлемдік кино
Онлайн қарау
Жаңалықтар
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Кастингтер
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
Рейтинг Афиша Тұлғалар Тесттен өту
Ру
Бродвей
  • Онлайн қарау
    • Қазақстан киносы
    • Әлемдік кино
  • Киноөндіріс
  • Тест
  • Тұлғалар
  • Рейтинг
Кастингтер Дүкен Кинотеатр Афиша
Жаңалықтар
  • BrodLive
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
  • Өткенге шолу
  • Тесттен өту
  • Cтатьи
  • Пікірлер
  • Фурманов көшесі және оның Қазақстан киносына қосқан үлесі

Фурманов көшесі және оның Қазақстан киносына қосқан үлесі

  • 1 желтоқсан, 2017
  • Мадина
  • 1 891
  • 0
Фурманов көшесі және оның Қазақстан киносына қосқан үлесі

Фурманов – Алматы қаласының көптеген мәдени орындары шоғырланған орталық тамыры. Оның қасында әрдайым түрлі шаралар өткен әрі өте бермек. Президент резиденциясы, Қабылдау үйі, қалалық әкімшілік ғимараты және Жаңа алаң – бұлар біздің қаламыздың орталығы. Көшенің арғы бетінде Қазақстан Мемлекеттік Орталық мұражайы және жақында жаңарудан өткен, қалада алғашқы болып ашылған Рамстор сауда орталығы бар. Бірақ, бүгін бізді бұрынғы Фурмановтың басқа бөлігі, яғни қалалықтар үшін мәдени маңызды болған жерлер қызықтырмақ.

Әр қаланың шығармашыл жастар жиналатын ерекше орындары бар. Алматыдағы мұндай жерлер: Богенбай-батыр-Панфилов-Төле би-Фурманов көшелерінің айналасы. Барлық мәдени шаралар осы көшелерде өткізілген. Сол уақыттарда кешке халық «Целинный» кинотеатрынан бастап, әрі қарай ескі ЖТ (ТЮЗ) бойымен, содан кейін Желтоқсан мен Фурманов көшелерінің қиылысындағы әйгілі Бродвей немесе қарапайым ғана Брод маңында қыдыратын. 60-70 жылдары және қайта құру кезеңінде астананың осы бөлігі сәнқойлардың қыдыратын нағыз орталығы болған. Опера театрының қасындағы «Неделька» әйгілі субұрқағының жанына көптеген жандар жиналатын еді.

«Целинный» кинотеатры

Одан әрі қарай «Целинный» кинотеатрынан кейін екінші орында тұрған «Алатау» кинорталығы болған. Сол уақыттарда осы екі кинотеатрда ғана кондициялау жүйесі бар болатын. Одан басқа, «Алатауда» түрлі картиналардың тұсауы кесілетін, танымал режиссерлар мен театр және кино актерларымен шығармашылық кештер өткізілетін, сондай-ақ киноклуб жұмыс істейтін. Адамдар билеттің қымбатшылығына қарамастан, кинотеатрға кіруге асығатын.

Киноқайраткерлердің көпшілігі осы орындардан шабыттанатын, оған таңдана аламыз ба? Қазақстан кинематографының «жаңа толқыны» дәл сол Бродтан бастау алды. Кейін, 1988 жылы Рашид Нуғыманов «Инені» түсірген кезде, камера объективіне бұрынғы орталық түгелімен түседі. Фурманов көшесінде, №77 үйде, үшінші кіреберісте Мороның Спартакқа келген көрінісі түсірілген. Ал Фурманов-Жамбыл көшелерінің қиылысындағы №56-гимназияда Виктор Цой екі концерт берген, оған ғимаратта ілініп тұрған естелік тақтайша дәлел.

«Ине» фильмінен көрініс

Қазір ескі Брод жоқ. Сондай-ақ, көптеген таныс жерлер халықтың есінде қалды: бүкіл елге белгілі болған әйгілі ЖТ (ТЮЗ) 1989 жылы түгі қалмай жанып кетті, «Целинный» кинотеатры жабылып қалды, «Алатау» кинотеатры бұзылды. Бірақ, тамаша ҚМОБТ мен «Неделька» субұрқағы сол орнында сақталып тұр. Егер Фурманов бойымен төмен түссек, Арбатқа жетпей, ескі, бірақ жұмыс істеп тұрған «Цезарь» кинотеатрын көре аламыз.

Әрине, бірнеше рет жөндеуден өткен ескі кинотеатр жаңа мультиплекстермен бәсекеге түсе алмайды, дегенмен киноны жақсы көретін жастардың жиналатын тамаша орны екендігі айқын. Соңғы он бес жыл бойы бұл жер Олег Борецкий киноклубы ретінде танымал, ол жақта көрермендер қызықты фильмдерді тамашалап қана қоймай, пікірталасқа түседі. Бұл жерде Еуропа мен Азия киносының күндері (көбінесе кіру тегін), кең айналымға шыға бермейтін фестивальды картиналар көрсетілімі және қызықты авторлық кинолар көрсетілімі болып тұрады. Сонымен қатар, «Цезарь» кинотеатры мен Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының арасында кезінде бір келісім-шарт болатын, яғни «Кино және Телевидение» кафедрасының студенттері айналымның жаңалықтарын тегін көру мүмкіндігіне ие еді.

«Алатау» кинотеатры

Қорыта келе, кезінде Фурманов пен оның маңайы шығармашылық жандар, әсіресе киноқайраткерлер үшін шабыт сыйлайтын таптырмас орын еді. Қазір, көше Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына айналды, ата-аналарымыз үшін Фурманов көшесінің маңызы қандай болса, болашақта балаларымыз үшін де осы көшенің ерекше болатынына сенеміз.

 

Варвара Литвинова

  • 1 желтоқсан, 2017
  • Мадина
  • 1 891
  • 0

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

15 Қараша, 2019

Кинорежиссер Айжан Қасымбектің «Су» және «Ауа» фильмдеріне талдау

Айжан Қасымбектің фильмдеріне пікір

Brod.kaz

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Смотреть онлайн

Старик

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер

  • Фейсбук
  • Инстаграм
  • Вконтакте
  • Твиттер
Бродвей

«Бродвей» кинопорталы - қазақстандық кино қайраткерлерді және олардың шығармашылығын насихаттайтын, киносүйер қауымды біріктіретін Казнеттің бірегей жобасы

  • info@brod.kz (барлық сауалдар бойынша)
Ракетті фирма

© 2012–2026 Бродвей

  • Жарнама