È

«Урфин Джюс и его деревянные солдаты»: түн ертегісі

«Урфин Джюс и его деревянные солдаты» мультфильмі туралы пікір

Барлығымыз бала күнімізде «Неге? Қалай? Не үшін? Неліктен?» сияқты сұрақтарды жиі қоятын едік. Түрлі ойға шомып, түрлі дүниелерді елестеттік. «Мүмкін былай болса ше?» деген секілді сауалдың қиялына сүңгіп кететінбіз. Осындай сансыз сұрақтарға, көңілді әрі пайдасы жоқ ойларға жауап бере алатын «Урфин Джюс и его деревянные солдаты» мультфильмі сияқты. Мысалы, мынадай сауалдың жауабы бар ол жерде: адамдар жансыз дүниелерді, соның ішінде ойыншық жауынгерлерді тірілте алса не болар еді? Ал егер адамның ниеті жаман болып, осындай сиқырды өзінің қара пиғылдарына жаратса қайтеміз? Міне, қиял кеңістігі, шиеленіс пен қызықты оқиға пайда бола бастағандай. Осы әдісті мультфильмнің ресейлік авторлары: режиссерлер - Владимир Торопчин («Илья Муромец и Соловей-Разбойник»), Дарина Шмидт, Фёдор Дмитриев («Барбоскины», «Лунтик и его друзья»); сценарий авторлары - Александр Боярский, Дарина Шмидт қолданған секілді.

Мультфильм балаларға арналған әдебиеттің кеңес кезеңіндегі классигі, XX ғасырдың 30-жылдарында Зүбәржат қала туралы кітаптар топтамасын шығарған Александр Волковтың аттас кітабының желісімен түсірілді. Волков американдық жазушы Лаймен Баумның «Удивительный волшебник из страны Оз» романын өз ыңғайына қарай жазды (жаңа оқиғалар қосты). Волков Урфин Джюс оқиғасын өз топтамасының жалғасы ретінде жазған. Негізгі оқиғамен таныс емес адамдар үшін басында сиқырлы әлемдегі жағдайды түсіну қиын болатын шығар. Өйткені, түсініксіз әрі қиын есімдер, арнайы «терминдер» мен кейбір заттар өзгеше аталады. Әрине, біраз уақыт өткен соң, әңгіменің өзегін түсінгеннен кейін бұл өзгешеліктерге үйреніп кетесіз.

Қысқаша айтқанда, мультфильм Сиқырлы әлемнің тұрғыны, ашушаң әрі қабағынан қар жауған Урфин Джюстің сиқырлы сусынды тауып алып, ағаш жауынгерлерді тірілтуі жайында (фильм атауында айтылғандай). Осы «еменділердің» (Джюстің өзі қойған есім) арқасында ол Сиқырлы әлемді жаулап алып, барлығын билеп-төстегісі келеді. Сол кезде Элли есімді қыз пайда болады, ол өз үйіне қайту үшін Джюске қарсы шығады. Оған Құбыжық, Отыншы мен Арыстан қосылады. Бұл кейіпкерлердің оқиғалары барлығына таныс, ал егер адамдар осы әңгімені оқымаған болса, онда сиқыр әлеміне жел айдап әкелетін қыз туралы бір жерден естіген шығар. Мультфильмнің өзі бұл әңгіменің өзекті әрі жарқын жерлерін, қызықты кейіпкерлерін күлкілі көріністермен көмкеріп түсірген. Авторлар бір көріністен екіншісіне тез ауысып кететін, жылдам дами түсетін әңгіме желісіне баса назар аудара қойған жоқ. Кішкентай балаларға көлемді әрі қиын оқиғаның қажеті жоқ деп ойлаған болар мүмкін. Барлығы көрермендердің жасына байланысты.

Ресейлік компьютер анимациясы онжылдықтың басында дами түсті, ал қазіргі таңда өңірлік айналымда өзіндік орны қалыптасты. Батырлар мен өзге де фольклорлы кейіпкерлер туралы мультфильмдер кинотеатрлар мен телевидение арқылы көп аудитория жинады. Джюс туралы мультфильмін жасаған авторлардың хикаялары да толықметражды фильмдерден кем емес. Сондай-ақ, орыстілді балалар аудиториясында жоғары көрсеткішке ие болды. Осы өнімдердің қалыптасқан өз көрермендері бар – негізінен балаларына дәстүріміз бен ділімізге сай емес шетелдік мультфильмдерді (бүгінгі күндері көбейіп кеткен) көрсеткісі келмейтін, өздерінің де көргісі жоқ ата-аналар.

«Урфин Джюс и его деревянные солдаты» Юрий Норштейн мен Александр Петровтың туындысы емес. Мүмкін, танымал өнер туындыларының арасында орын алмайтын да шығар. Дегенмен, балалармен бірге кинотетарға барып, көруге болатын фильм екендігі даусыз. Бұл оқиғаны түн ертегісі ретінде көруге болады. Ертегінің басты мақсаты – оны бағалау емес, баласының ұйқыға батуы немесе тек көріп қана қоймай, баланың көңілін көтеру. Мультфильм осы мақсатына жеткен де сияқты.

«Урфин Джюс и его деревянные солдаты» мультфильмінің кестесін «Бродвей» сайтының кинотеатрлар афишасынан таба аласыздар.

Киноға Бағлан Құдайберлиев барды

«Бродвей» редакциясы «Урфин Джюс и его деревянные солдаты» анимациялық фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін «Меломан» кинокомпаниясына және «Star Cinema» кинотеатрына алғыс айтады (ТРЦ Mega Alma-Ata) 3D.

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер