È

«Видели ночь»: Бұрынғы сүйгеніңді қалай ұмытпауға болады

«Видели ночь» фильміне арналған пікір

Ата-аналармен танысу тақырыбына фильм аз түсірілген жоқ. Кейіпкерлер мұндай жағдайда толқиды, алаңдайды. Дегенмен, бұл тақырыпқа комедия жанры жақсы келеді. Режиссер Гэвин Вьесен «Видели ночь» фильмінде осыған қатысты өзіндік пікірін білдірді.

Қос ғашық қымбат мейрамханаға келеді. Музыкант Мартин үшін бұл дөрекі Галло мырзамен, яғни ғашығы Дженнидің әкесімен алғашқы таныстығы. Кешкі тамақ кезінде Мартин өзін жақсы қырынан таныта қоймайды, бірақ Дженни Мартинді тыныштандырып, әрдайым соның жағында болатынын айтады. Арада жарты жыл өтеді. Таңертең Мартин есік қығысынан оянып кетеді. Пәтер жиналмаған, ал Мартинде күйзеліс. Есікті ашып қалса, Галло мырза тұр. Ол Дженниді таба алмай жүр екен, қызы оның хабарламалары мен қоңырауларына мүлдем жауап бермейді. Мартин екеуінің айырылысқанын, оның енді бұл үйде тұрмайтынын айтады. Галло мырза Мартинді Дженниді табуға көндіреді.

Сюжеті бір қарағанда әдеттегідей көрінеді. Фильм авторлары өмірді еш боямасыз бар қалпында көрсетуге тырысқандай. Бірақ, өмірдегі мәселелерге біржақты көзқараспен қараған секілді.

Кейіпкерлер Мартин мен Галлоның мінездері, іс-әрекеті тең дәрежеде ашылған. Сценаристер ғашығымен айырылысқанда ер азаматтардың қандай күйде, қандай сезімде болатынын дөп басқан. Яғни, картина арқылы қыздар қауымына осындай күйге түскен еркектердің әрекетін көрсеткен.

Дегенмен, фильмде бұл мәселеде әйелдер жағы қандай күй кешетіні айтылмады. Осы оқиғаның «кінәлісі» Дженнидің психологиялық бейнесі мен уәждемесі ашылмады. Ол кім болды сонда? Жарты қала танитын жеңілтек қыз ба, даяшы қызметін бармен қызметіне жиі ауыстыратын мінезді қыз ба әлде өмірдегі өз орнын таба алмай жүрген қарапайым ғана жақсы қыз ба? Бұл сұрақтардың жауабы жоқ, оған Мартин мен Галло мырзалар да жауап бере алмасы анық. Олардың барлығы жағымды немесе жағымсыз кейіпкер болуы мүмкін, авторлар осыны нақтылап алуды ұмытып кеткен сияқты.

Кейбір сұрақтарды монтаж жағы тудырады. Қазір ғана бұлғанып қалған киім, аяқ астынан лезде тап-таза болып шығады. Кейде эпизодтардың арасы тез болып кетеді, құдды бір кино көргендей емес, Алматы көшелерін қыдырып жүргендей күй кешесің.

Әзіл жағы жақсы шыққан. Осы туындыға ұқсас «Почему он» картинасына қарағанда, «Видели ночь» фильмінің авторлары белден төмен әзілдерге жол бере қойған жоқ. Әрине, бір-екі кадрлар 18+ белгісін қоюға итермелеген шығар, дегенмен отбасылық қағидалардан аттап кеткен емес.

Қызықтырғаны, дубляжбен жұмыс істеген ресейлік мамандар болды. Олар орыс тіліне аудара отырып,кеңес өкіметі кезінде өмір сүргендер ғана түсінетін әзіл-қалжыңды қосқан. Мысалы, кейіпкердің біреуі өзін «Менің атым Джимоти. Бұл қазіргі Тимати сияқты, бірақ Джимати» дейді. Фильмнің орыс тіліндегі атауынан да әзіл байқалады, яғни, әйгілі Виктор Цойдың әніне («Видели ночь, гуляли всю ночь до утра…») сілтеме жасалған.

Актерлік жұмыстарды орташа деуге болатын еді, егер «Одержимость» фильмінде жауыз дирижер рөлін ойнап, 2015 жылы «Екінші қатардағы үздік ер азамат рөлі» үшін «Оскар» алған Джонатан Кимбл «Джей Кей» Симмонс мырза болмағанда... Жалпы, ол жалғыз өзі бүкіл фильмді алып шықты. Оған қарап отырып, оқушы ұстазына қарағандай күй кешесің. Жас Эмиль Хирш немесе Мартин көңілге қонымды әрекеттер жасауға тырысты. Басты кейіпкерлердің рөлін сомдағандар да жақсы ойнап шықты. Тек Дженни рөліндегі Анали Типтон ғана болмаса. Өйткені, айтарлықтай рөл ойнап шығатындай ештеңе болмаған сияқты. Негізінде, «Видели ночь» фильмінің басты құнды кейіпкері Симмонс мырза секілді. Соның жұмысына риза бола отырып, кадрдағы кемшіліктерге көз жұма қарауға болады.

Жалпы, фильм жағымды әсер қалдыра біледі. Әсіресе, жеке өмірінде қиындықтарға тап болған, ғашығымен айырылысқан немесе әлеуметтік желіде жазған хаттарын қыздары елемей қойған азаматтар, еркектер үшін пайдалы болмақ. Олар әйелдер қауымының біртүрлі әрекеттерін түсіне қоймас, дегенмен өз абыройларын қалай жоғалтып алмауды ұғынады.

 

 

Киноға Альберт Ахметов барды

 

«Бродвей» редакциясы «Видели ночь» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін «Chaplin cinemas» кинотеатрлар желісіне алғыс айтады.

Оцените рецензию

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

19 апреля 2017, 18:08

Один раз посмотреть можно

Болат Кисамбаев

29 шілде 2017, 19:37

Исчезнувшая Давеча вчера ночью видали "Видели ночь" в кино) Если вкратце, то сюжет можно описать словами - Отец вместе с бывшим ухажером дочери решают вместе ее найти. Такой вот наполовину роуд наполовину бади-муви. Фильм весьма сдержанный, нет ничего примечательного, все стандартно, местами даже шаблонно, но и ругать за это даже не хочется. Без смысловых нагрузок и доли морали также не обошлось, в итоге комедия о поиске дочери имеет заложенный посыл о поиске самого себя в этом мире, о саморазвитии, стремлении идти вперед и т.д. Джей Кей Симмонс хорош в роли Джей Кей Симмонса, а впрочем как всегда. Эмиль Хирш хорош в образе косплеера Джека Блэка визуально, но плох во всем остальном. Хотя дуэт из этих двух актеров вышел вполне неплохим. Музыка играет фоном, шутки сыпятся потоком, иногда годные, иногда не очень. В общем такой вот средненький фильмец на один раз. Особо хочется отметить дубляж, не знаю как было в оригинале, но фразочки типа "Доширак" и "Тимати", — было слышать весьма забавно.

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер