È

«Соғыс»: Жауынгер оқиғасы

«Соғыс» рецензиясы

Ерте ме, кеш пе, барлығына пацифистердің әлем туралы үндеуі қалайда әсер етеді. Бұл жұмысты өнер ғана жеделдете алады. Тек өнер ғана өмірдің бізге өте қымбат екендігін, оны соғысқа айырбастауға болмайтындығын барынша түсіндіріп, көрсетіп, айтып бере алады.

Өнердің осы тектес бір түріне Дито Монтиель кірісіп, «Соғыс» фильмін түсірді. Картина соғысқа қатысып, психологиялық соққы алған жауынгерлерге арналады. Басты кейіпкер Гэбриэл (Шайя ЛаБаф) соғысқа дейін 8 жыл Нэтпен (Кейт Мара) бірге бақытты некеде өмір сүрді, Джонни баласымен де қарым-қатынасы жақсы болды. Әскерге шақырылғаннан кейін және Ле Хун әскери лагерінен қатаң дайындықтан өткен соң, оны Ауғанстанның қайнап жатқан соғысына жібереді. Бұл оқиға оның өмірін түбегейлі өзгертеді.

«Соғыс» фильмі 2015 жылы алғаш рет Венециан кинофестивалінде көрсетілсе де, қазақстандық көрерменге ол енді ғана келіп жетті.

Ұзақ күтуге тура келген картина фильмнің негізгі құрылымын еске түсіреді. Сценарий авторы әрі режиссер Дито Монтиель фильмді халыққа паш етудің алдында ұзақ дайындалады. Құдды, фильмнің көруге тұрарлық екендігін дәлелдегісі келгендей. Өкінішке қарай, картина алғашқы 30 минут бойы біраз тоқтап қалып, көрсетіледі. Бұл уақыт аралығында көрерменнің кино көруге қызығушылығы жоғалып та үлгереді ғой. Дегенмен, ең соңында залда трагедия арқылы рухани тазарып, эстетикалық сезімге бөленетін нағыз шыдамды көрермен ғана қалуы мүмкін.

Жалпы, рухани тазару үрдісі әркімде әрқалай өтетіні анық. Киносеанстарға жиі баратын көрермен мүмкін басынан-ақ фильмнің қалай аяқталатынын тауып қоятын шығар. Олар үшін кейде аса жағымды әсер қалдыра қоймайтын финал басқаша болуы да ғажап емес. Өйткені, режиссер үнемі ғылыми фантастика мен әскери фильм, махаббат оқиғасы, отбасылық психологиялық драма және трагедия секілді түрлі жанрларға ауысып отырады. Сондықтан, мұндай өзекті тақырып дұрыс ашыла қоймайды. Көңілді тапқырлар клубының қара пиғылды әзілдеріне ұқсап, көрерменді ойландырып қояды.

Ал аса бас ауырта қоймайтын көрермен фильм соңындағы шешуші кезеңге таңдануы мүмкін. Соғысқа түк қатысы жоқ керемет сезімдерге бөленіп қайтатын да шығар. Оған басты кейіпкердің актерлік ойыны себеп болуы ғажап емес.

Негізінде, актер Шайя ЛаБаф соғыс салдарынан психологиялық зардап шеккен адамның рөліне еніп кеткені соншалық, шынайы өмірде де посттравматикалық күйзеліске түскен көрінеді. Қазір актердің денсаулығы жақсарған шығар деген үміттеміз, алайда ол экранда рөл ойнап жатқандай емес, соның барлығын шынайы өмірде басынан кешіп жатқан тәрізді көрінді.

Өзге де актерлар өз рөлдерін жақсы ойнап шыққан, бірақ олар сюжеттің ерекше қабылдануына еш әсер ете қоймайтындай. Қорыта келгенде, экранда басты кейіпкердің сүйікті жары мен ұлы, оның досы, әскери тергеуші-кеңесші Пэйтон (Гарри Олдман), капрал Дэвин Робертс (Джай Кортни) өз міндеттерін ойдағыдай атқарып шықты. Олар басты кейіпкерге аудитория алдында түрлі көңіл-күйде болып, жан-жақты ашылуына септігін тигізгендей.

Жалпы, «Соғыс» фильмі - қатып қалған триллер-драма болмаса да, маңызды мағынасы бар картина. Ол нағыз бақыттың не екендігін, әлемді қалай қорғау керектігін, қиындықтарға толы болса да соғыссыз өмірдің кереметтілігін түсіндіреді.

Шайя ЛаБафтың қатысуымен түсірілген «Соғыс» әскери драмасының кестесі Brod.kz сайтында кинотеатрлар афишасында көрсетілген.

Киноға Альберт Ахметов барды

«Бродвей» редакциясы «Соғыс» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін «Kinotechnology» кинокомпаниясына және «Chaplin cinemas» кинотеатрлар желісіне алғыс білдіреді.

Оцените рецензию

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Болат Кисамбаев

29 шілде 2017, 19:38

У главного героя посттравматическое расстройство личности, вызванное участием в войне на ближнем востоке. Вернувшись на Родину, он оказался никому не нужным, в особенности своей стране. Единственным смыслом жизни для него стала - защита семьи, сына. Хоть и защищать уже не от кого, война давно закончилась, но не внутри него. Это то состояние души и образ жизни, которому подвержены большинство переживших весь этот "ад" ветеранов. "Потерянное поколение", так сказать, использованное и брошенное. Им трудно адаптироваться к привычной жизни, уход от тихой реальности в мир хауса, борьба с несуществующим врагом становится стимулом. Фильм идет постепенно, все больше погружая нас в атмосферу и держа в напряжении. Нелинейный монтаж сыграл тут наруку.Человек-ходячий мем, в последнее время известный своими эпатажными выходками, Шайа ЛаБаф, — выступил вполне достойно, выдал крепкую драму. Хотя, признаюсь, в некоторых местах не обошлось без самокопирования и "JUST DO IT", но вполне органично смотрелось. В целом, вышел неплохой фильм о последствиях какой-либо войны. Она разрушительна, она ужасна и она не заканчивается капитуляцией, война продолжается в нас самих.

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер