È

«Барлығы немесе ештеңе»: Кеңсе планктондары

«Барлығы немесе ештеңе» фильміне пікір

Ресейлік режиссер, сценарист, продюсер Дмитрий Суворов жақында көпшілікке өзінің жаңа авторлық жобасы - «Барлығы немесе ештеңе» комедиясын ұсынды. Картинадағы басты тақырып кеңсе қызметкерлерінің айналасында өрбиді.

Иә, кеңсе қызметкерлері қағаздан бас алмай, күн-түн демей еңбек етеді. Сол еңбегің бағаланып, биіктен көрініп жатсаң жақсы ғой. Ал егер бастығың үй көрмей, жұмысқа беріліп істегеніңді бағалай қоймаса, оның үстіне айлығыңды қысқартып тастаса не болмақ?

«Барлығы немесе ештеңе» картинасының кейіпкерлері (Кирилл Каганович, Данила Якушев, Роман Курцын) осындай жағдайды бастарынан өткереді. Кейін, компанияның ақшасын жымқырып, бар ауыртпалықты қызметкерлерге жаба салған бастықтарын тонауды ұйғарады да, арнайы жоспар құрады. Үш дос Никита, Артем және Алексей басшының қитұрқы әрекеттерін естеріне алып, одан сайын күшейе түседі. Оның үстіне, үйлеріндегі қаржылық жағдай да мәз емес. Ақыры, олар басекенің үйіне ұрын барып, сейфті ашуға талпынады. Әрине, жоспар бірден орындала қоймайды. Дегенмен, түрлі кедергілерден өтіп, үшеуі бар ақшаны тауып алады. Алайда, бұл қомақты соманы жымқырған адам мүлдем басқа жан болып шығады. Қызықтың барлығы осы тұста басталады.

Бұл - қызықты, күлкілі комедия. Сюжеті қазіргі таңдағы кеңсе қызметкерлерінің жұмысын айқын көрсетеді. Күнделікті өмірде кездесетін қалыпты жағдай сияқты. Тек, бізде ешкім бастықтарынан кек алуға тырысқан емес. Ондай жағдай болмай-ақ қойсын.

Актерлік құрамы да мақтауға тұрарлық. Барлығы дарынды әзілкештер, өз рөлдерін тамаша алып шықты. Кадрда бір-бірімен керемет үйлесіп, нағыз достардың көрінісін бейнеледі. Жылдам өрбитін сюжеті, әзілдері, кекесін-мысқылдары да – барлығы өз орнымен.

Әрине, кей жағдайда таспаны американдық «Адам төзгісіз бастықтар» фильміне ұқсатуға болады. Бірақ, айырмашылықтары да баршылық. Оның үстіне, аталмыш фильмнің сценарийі голивудтық картина экранға шықпай тұрып жазылған. Сондықтан, мұның барлығы жәй ғана ұқсастық болып қала бермек.

Фильмдегі жақсы көрсетілген дүние – тимбилдинг, кеңсе қызметкерлерінің бірлігі. Компания қызметкерлері күн сайын таңертең жаттығу жасап, салауатты өмір салтын ұстануды да ұмытпайды. Өз міндеттерін адал атқарып, ауызбіршілікті сақтауға тырысады. Бұл қазіргі көптеген компанияларға қажетті дүние секілді.

Жалпы, әріптестермен, достармен тамашалап, көңіл көтеріп, күліп қайтуға болатын жақсы фильм. Кеңсе қызметкерлерінің күнделікті күйбең тірлігіне куә болғыңыз келсе, «Барлығы немесе ештеңе» таспасын ерінбей көріп қайтыңыз!

 

Киноға Мадина Мұратжанқызы барды

 

Фильмнің кестесі кинотеатрлар афишасында қол жетімді.

 

«Бродвей» редакциясы «Барлығы немесе ештеңе» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін Meloman Entertainment және Lumiera Cinema кинотеатрына алғыс білдіреді.

 

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер