Warcraft. Барлығы енді ғана басталады
26 мамырда Blizzard – Warcraft компаниясынан ойынмен аттас түсірілген фильм айналымға шығады. Бұл картина режиссердің ауысуынан бастап, релиз уақытының өзгеруі аралығында ұзақ жолдан өтті.
Түсірілім 2006 жылы Legendary Pictures кинокомпаниясы фильмге иелік ететін құқықты алған кезде жоспарлана бастаған. Продюсерлер айналымға 2009 жылы енгізді, алайда Blizzard компаниясының директоры бұл қысқа мерзімде толыққанды өнімді жасау мүмкін емес екенін мәлімдеді. Релиз уақытына асықпады, ал 2009 жылы алдағы қойылымға барлығына танымал Сэм Рэймиді («Өрмекші адам», «Қайырымсыз өліктер») бекітті. Жобаның продюсері Роберт Родат («Қатардағы Райнды құтқару», «Патриот») болды. Олар біріге отырып фильм сценариінің шимай нұсқасын жазып, оны продюсер мен өңдеушілерге жіберді. Blizzard-қа жұмысқа қабылдағанына қарамастан, бұл нұсқаға көңілі мүлдем толмағанын жеткізді. Компанияның Сэм Рэйми мен Родат күткеннен де әлдеқайда көңілі толмауына байланысты тоғыз айдан кейін экрандау уақытын шегерді. Осыдан кейін, 2013 жылдың басында режиссері Данкан Джонс, ал сценарийге жауапты Чарльз Ливитт болып өзгертілді. Ақыры соңында, фильмді түсіре бастады. Түсірілім барлығы 123 күнге, ал пост-продакшн 20 айға созылды.
Енді сюжетке тоқталайық. Оқиға орктардың туған өлкесі Дренорда басталады. Жаңа үй іздеу барысында жасыл орктардың өкілі Гулдан адамдар мен жоғары эльфылар тұратын Азероттағы Қара порталды ашады. Порталдағылар өлгендердің жанымен тамақтанатындықтан, барлауға Ордадағы аз ғана әскер аттанады. Одан ары қарай орктар өздерін нағыз орк сияқты ұстайды: ауылдарды қиратып, порталды қайта ашып, барлық Орда адамдарын әкелу үшін оларды кепілдікке алып қалады. Барлық варварлардың ішінен «Солтүстік қасқырлардың» кіші көсбасшысы Дуротон ғана еттартқышқа қатысудан бас тартып, шынайы құрметке лайық жауынгер екенін көрсетеді. Warcraft-та соғыс пен адалдық, құрмет, махаббат пен батылдық көрсетіледі. Бірінші көріністен бастап көрермендер соңына дейін, бір минутқа да босаңси алмайды. Әрине, осы тұста суретшінің шеберлігін айта кету керек.
Кезінде жанкүйерлер картинаның «сапасыздығына» қатты уайымдады. Интернетте ойын әлеміндегі үлкен туындыны экрандауға қатысты даулар аз болмады. Warcraft жанкүйері ретінде, арнайы эффектілер көз қуантатынын айта аламын: қоршаған орта әсер қалдырады, орктар шынымен тірі секілді, эмоция, қимыл-қозғалыс, мимика дәл көрсетілген. Сондай-ақ, сиқырлы көріністер таңғажайып болып көрінеді: магтардың қолындағы мөрлер ойынның өзінде болғандай әсер қалдырады. Хикаяның көптеген жанкүйерлері Альянстың өзгеруіне алаңдаушылық танытты, бірақ барлығы, тіпті орктердің киімдері де өзгеріссіз қалды.
Әрине, фильм екі түрлі адамдар көреді деген есеппен түсірілді. Олар: бірінші кезекте ойыншылар және қарапайым көрермендер. Мұнда аз ғана уақыттың ішінде көп мәліметті алғысы келетіндерге қиындық тудырады. Қарапайым көрермендерге әртүрлі экзотикалық есімдерге бейімделу қиындық тудырады(Кадгар, Медив, Чернорук, Оргрим және т.б.) және Дренеи деген кімдер, қара портал қайдан шықты деп бас қатырады... Ал, бұрынғы жанкүйерлер барлығын түсінеді,бірақ, кейбір іс-әрекеттер мен қысқартуларды талқыға салуы мүмкін.
Мысалы: Оқиғада орктар демондардың қанын ішкен кезде жасыл болады. Фильмде бұл көрініс басқаша орын алады, Гулдан өзіндік қасиеттерін пайдалана отырып, бастапқы түсті өзгерді. Бүртүрлі түсініксіздеу естілгенімен, жобасы картинада осылай көрінеді.
Ойын әлемі соншалықты ауқымды және сюжеттің тармақтары шексіз, оны тіпті бірнеше толықметражды фильмге кірістіре алмайсың.
Сондай-ақ, менің ойымша, «Кек алушылар» және «Дэдпуланы» қарап, кейбір көрермендер Warcraft-ты тым қатал және талапшыл деп айыптай алады, бірақ тұтастай алғанда бұл көруге тұрарлық. Әсіресе, картинаны жасаушылар фильм жалғасын түсіретін болса, сыншылардың талаптарын ескереді.
Қорыта келе, мен бұл фильмді қызықты оқиғаның бастамасы ғана екенін және өз басым жалғасын тағатсыздана күтемін деп айтқым келеді. Warcraft-ты IMAX-тан көруге кеңес беремін, себебі солай ғана фильмдегі табиғат пен әр сәтінен толықтай әсер ала аласыз.
Киноға барған Азамат Қанапия
«Бродвей» редакциясы Sulpak Cinema компаниясы мен Қазақстандағы №1 Kinopark желісіне «Варкрафт» фильмінің жабық көрсетіліміне шақырғаны үшін алғыс білдіреді.
Оцените рецензию
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін