È

Жас буын неге шырмаудан шыға алмай келеді? «Сарыарқа» қысқаметрлі жастар кинофестивалінен туған ой

Жас буын неге шырмаудан шыға алмай келеді? «Сарыарқа» қысқаметрлі жастар кинофестивалінен туған ой

Көңіл қуантты, ойландырды. Қысқасы жастар туралы айтқанда оларға тек қана қолдау мен сенім арту - ең маңызды екенін ешкім ұмытпады. Жасты сынап ұшпаққа шыққанды көрмедім. Бұл бір жағынан қатаймаған қанатты сындырмаудың амалы болса, екіншіден бәрібір де сынған қанат жас ағзада тез қалпына келетіндігінен, тез жетілетіндігінен болса керек. Қабылданған жағдай. Жасты кешіруге, оған үміттенуге болады. Егер де кеудеңді сұрақтар тесіп бара жатса, оларды түсінуге тырыссаң болғаны, мүмкін керегіңді табарсың.

Кезінде мені де мазалаған сұрақтар болған. Неге жас адам өлімге құмар келеді?! Неге біздер жиырмаға жетпей тез қартаямыз?! Біздің өне бойымызды жаулаған ненің салқыны?! «Өтпелі кезең, гармондар, тағы басқалар өзің түсінбейтін, бәрі өтеді, кетеді. Сондықтан өлімге үңілгеніңді доғар, ол ойыншық емес және дәл сен ойлағандай тәтті емес ол» деген еді шебер. Міне, содан бері он-он бес шақты жыл өтті. Бірақ кешегі фестивальдағы «ұшқындарды» көріп отырып, менің «тәуелсіздіктен» сәл ары туып, әлеуметтік «дәлізде» қыстырылып қалған құрдастарымнан аса айырмашылық көрмедім. Сосын тағы сұрақтар... Неге олай? Олар алдыңғы апа-ағаларына қарағанда «көңілділеу» болуы керек емес пе еді?! Неге жастар күрең-сүрең өмірге басын тығып ала береді? Әлде сол бір «қораға» қарай айдай беретін өнерді оқыту жүйесі кінәлі ме? Әлде өнер мен өзін шатастыруға бейім адамның табиғаты ма? Әлде адамзаттың түпкі санасының бірдей бағдарланған жүйесі ме? Әйтпесе мұндай тылсым, шимай шатпақ, кроссворд, лабиринт секілді туындылар жиырма жылдың көлемінде бір бірінен айнымастай қайталана беретіндей не құдірет? Әлде шынымен де ми шектеліп, ұзаққа созылған тоқыраудың бір толқыны ма?

«Жас адам моральді өсиетке зәру» деп жазды француз жазушысы Ф.Мориак. Ал сол зәруліктің орнын толтырған материалдың нәтижесін де көрдік. Оған ешкім күле алмайды, шынайы қуана да алмайды. Қайтеміз дейді, мың сан сылтау бар, соны санаған оңайырақ.

«Жастықта көкірек зор, уайым жоқ» дейді Абай. Оның да лебін көрдік. «Голливуд», «гламур», «тренд», «креатив», «инстаграм» т.б. жаңа «модный» сөздердің аясын торуылдаған жастар өте белсенді және «өнерге» жанын салып қойған қатарластарына қарағанда олар амбициозды, заман өзгерісіне тез ілескіш. Әйтсе де белгілі бір буынды әрекетімен таңқалдырып та, қанағаттандырып та отырған бұл топқа тамсанумен ғана шектелген дұрыс деп есептейік.

Білеміз, әрі өкінеміз, елімізде кино өнерінің, соның ішінде жастардың шығармашылық потенциалы шектеулі екеніне. Бірнеше өнер ордасы, өнер ұстаздарының саусақпен санарлықтай болуы, шығармашылықпен тамақ асырамақ түгілі, рухани азықтың да жарымсыздығы қандай талант болса да, маңдайдан соғады. Шынайы өнердің межесіне жетпеген ересектер тұрғанда, жастарға ренжудің өзі де айып. Жастық - қателіктің, тәжірибенің кезеңі. Тапталған жолдардың ішінен өз сүрлеуіңді салу одан да қиын, тек кері кетпесе болғаны.

P.S. Жалпы, өнерді «расшифровка призмасы» арқылы көрсетуден бөлек қарапайым тәсілдері бар. Мәселен, тақырып, идея, әлеуметтік оқиға секілді ұғымдар арқылы ізденуші өзі үшін қызық жаңалық етіп ашуға болады. Яғни, «тұманданған» әлемнен «гүлденген» жерге түсетін уақыт болды ма деген ойым.

Майра Фазыл

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса