È
Кіру
Парольді ұмыттыңыз ба?

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунт жоқ па?Тіркелу

Қолданушы келісімі

Келісім шарттарымен таныстым

Тіркелу
+7
Пожалуйста, оставляйте реальные данные, чтобы мы могли помочь вам в случае возникновения проблем работы сайта.

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунтыңыз бар ма?Кіру

Парольді қалпына келтіру

Жоқ, рахмет.Мен парольді есіме түсірдім

Казахстанский Бродвей
Кинотеатр
Қазақстан киносы
  • Әлемдік кино
Онлайн қарау
Жаңалықтар
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Кастингтер
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
Рейтинг Афиша Тұлғалар Тесттен өту
Ру
Бродвей
  • Онлайн қарау
    • Қазақстан киносы
    • Әлемдік кино
  • Киноөндіріс
  • Тест
  • Тұлғалар
  • Рейтинг
Кастингтер Дүкен Кинотеатр Афиша
Жаңалықтар
  • BrodLive
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
  • Өткенге шолу
  • Тесттен өту
  • Cтатьи
  • Пікірнамалар
  • «Танысып қойыңыз, Ибалы»: Менің сүйікті есімім

«Танысып қойыңыз, Ибалы»: Менің сүйікті есімім

  • 11 Апреля, 2017
  • Мадина
  • 2 603
  • 0
Тайтл: «Танысып қойыңыз, Ибалы» фильмі туралы пікір

Көбісі отандық киноның Алматы мен Астанада түсірілетін, республикалық айналымға шығатын қазақстандық және ОҚО-да ғана шығатын шымкенттік картиналар болып бөлінетінін біле бермейді. Алғаш рет шымкенттік кинематограф өзбек киноөндірісінің тәсілімен кино түсіруді бастады (кейін бұл қатарға кейбір алматылық кинематографтар қосылды). Бірнеше жыл бұрын ОҚО кинематографтары өз туындыларын республикамыздың барлық қалаларында көрсетуге тырысты.

Шымкенттік кино түсірушілер киноның заңдарына және драматургия мен композицияға сай келе бермейтін өзіндік бір стиль қалыптастырып үлгерді. Сонымен қатар, олар халықтық маркетингті жақсылап үйреніп алып, өз өнімдерін хайп тәсілімен сатуды жөн көреді. Өткен аптада, айналымға щықпай жатып танымал бола бастаған Дарханбек Кәлменовтың «Танысып қойыңыз, Ибалы» фильмі көрерменге жол тартты.

Фильм қарапайым мағынада түсірілген. Сонымен қатар, орыс тілді аудиторияның күлкісін келтірсе, қазақ тілді көрерменнің шамына тиді. Ибалы – басты кейіпкердің есімі, фильм трейлерінде осы есімнің орыс тілділерге күлкілі естілгені де рас. Бірақ, фильмнің өзінде Ибалы есімі күлкі шақыратын әзілдер болған жоқ.

Жалпы, Кәлменовтың картинасында көп нәрсе жоқ. Ең негізгісі, сюжет дұрыс құрылмаған. Яғни, оқиға драматургияның арнайы заңдары мен ережелеріне қарамастан өрбиді. Негізгі мазмұны - ауылдық қыз Ибалының үйінен Астанаға жол тартуы. Біріншіден, мінезі біртүрлі ауылдағы күйеу жігітінен қашса, екіншіден өмірін оқуға арнағысы келеді. Ибалы туысы Берік ағасының үйіне келіп тұрақтайды. Қалада Әлемгер есімді жігітпен танысады.

Әрі қарай сюжетті ауылдың адамдары жазған сияқты. Оқиғаның қалай өрбитінін, кейіпкерлердің келесі әрекеттерін болжау мүмкін емес. Дегенмен, осы дерек «Танысып қойыңыз, Ибалы» фильмін қызықтыра түсетіндей...

Көрермен көріп отырғаны кино емес екенін түсінсе де, авторлардың не ұсынып отырғанын өздері білмейтінін ұғынса да, қызықтыра түсетін бір картиналары бар. Соған еріксіз еніп кетесің де, соңына дейін көріп отыра бересің.

Айтпақшы, түсініксіз сюжетпен қоса, авторлар басты кейіпкерлерге мінез беруді және әрекеттерінің салдарын жазуды ұмытып кеткен сияқты. Өйткені, басты кейіпкер қыз құбылмалығымен және өзіндік логикасы жоқтығымен көзге түсіп қала береді. Осы фактор «Танысып қойыңыз, Ибалы» фильмін шымкенттік «Динамит Наполеонына» ұқсатады. Бірақ, Джаред Хесс ұзақ дайындалып шедевр түсірген болса, Кәлменов аяқ астынан фильм түсіре салғандай.

Осылайша, «Танысып қойыңыз, Ибалы» фильмі – бұл кино емес, түсініксіз сценарийі мен актерлік ойына, техникалық жұмысы мен сауаттылық деңгейінің төмендігіне қарамастан, жәй ғана бір рет қызығып көре салатын картина (авторлар туындыны толықтыру үшін тағы біраз жұмыс істесе, картинаны «Азияның жабайы кинематографы» номинациясына ұсынуға болатын еді). Кейде, фильмді тамашалап отырып, жаман сөздерді айтып тастағың келеді немесе экранға борщ салынған тәрелкені лақтырып жібергің келеді екен. Неге борщ дейсіздер ме? Бұл әзілді Дарханбек Кәлменовтың киносын соңына дейін көргендер түсінеді.

 

Киноға Кәрім Қадырбаев барды

Оцените рецензию

  • 11 Апреля, 2017
  • Мадина
  • 2 603
  • 0

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Смотреть онлайн

Старик

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

  • Фейсбук
  • Инстаграм
  • Вконтакте
  • Твиттер
Бродвей

«Бродвей» кинопорталы - қазақстандық кино қайраткерлерді және олардың шығармашылығын насихаттайтын, киносүйер қауымды біріктіретін Казнеттің бірегей жобасы

  • info@brod.kz (барлық сауалдар бойынша)
Ракетті фирма

© 2012–2026 Бродвей

  • Жарнама