È

«Әкеге қоңырау шалу»: Ескі толқын

«Әкеге қоңырау шалу» фильміне пікірнама

Осы аптада Алматыда Серік Апрымовтың «Әкеге қоңырау шалу» атты тәжірибелік картинасының көрсетілімі болды, автор режиссер ғана емес, сценарист, продюсер әрі оператор ретінде де атсалысты.

Фильмдегі оқиға Еркін есімді бала тұратын қазақ ауылында болған. Дәрігер оған ПДБ (психикалық даму бөгелісі – ред.) деген диагноз қояды да, қарапайым мектепке бара алмайтындығын баса айтады.

Еркіннің анасы үлкен ұлы қайтыс болғаннан кейін үйден кетіп қалады, ал Еркін әкесімен қалып, оған әрдайым кірпіш сатып, табыс табуына көмектеседі. Әкесі ішетін еді, Еркін қалаға баруды армандайды, балалар үйінде жатып, білім алғысы келеді.

Жалпы, «Әкеге қоңырау шалу» драмасын көріп отырған кезде, қай бағытта тәжірибе жасалған деп ойлайсың? Режиссердің бір жобаға бірнеше функцияларды сыйдырып, картинаны аз ғана қаржыға түсіргені ме? Олай болса, Қазақстанда түсірілген жобалардың жартысын тәжірибелік туынды деуге болатын шығар.

Әдеттегідей, үмітсіздік пен қанағаттанбаушылық сезімдері және боямасыз азиат жұмбағы сынды қасиеттер сипатталған қалыпты қазақ драмасы бейнеленген.

Бұл жақта да Толстойдағы секілді, бақытсыз отбасы бар. Олар ешқашан бақытты болмаған, болмайтын да еді. Ішкіш күйеу, бақытсыз әйел, махаббатқа бөлене алмаған бала мен осының барлығын бір сәтте құртатын трагедия.

Серік Апрымов – «жаңа қазақ толқыны» деп аталған танымал кинематографшылардың шоғырындағы режиссер. «Әкеге қоңырау шалу» формасы мен ұсынысы жағынан сол толқынның картинасынан аса ерекшеленбейді. Себебі, ол толқын қазір жаңа емес әрі сұранысы да төмендеп кетті. Олар білетін кино тілі әбден жатталып, санамызға сіңіп, оқу әдістемелерінің парақшаларына еніп қойған. Бүгінгі көрерменмен олардың тілімен сөйлеу қиын әрі қажет те емес сияқты. Жалпы, Апрымов өз киносын кімге арнады, өзіне ме әлде көрерменге ме? Бұл үлкен сұрақты туындатады.

Дегенмен, жоғарыда айтылғандар «Әкеге қоңырау шалу» картинасының кәсіби екендігіне шүбә келтірмейді. Көбінесе дебютанттардан құралған актерлік ансамбль өз жұмыстарын тиянақты әрі нақты орындаған, картинаның техникалық және көркемдік жағына да сын айта алмаймыз. Кейіпкерлердің психологиялық өңделуі де біртекті.

Басты мәселе мынада болып тұр. Уақыттан тыс қалып қойған ауыл өмірі, мағынасыз өмір сүріп жатқан елес адамдар, қираған ғимараттар, жаһандануды қаламайтын мекен және өмірден тысқары қалып қойған жерден қалаға қарай қашу арманы... біз бұл дүниелерді бірнеше рет көріп қойғанбыз.

«Әкеге қоңырау шалу» фильмі формасы әрі мазмұны жағынан ешқандай жаңалық ашпады. Құдды бір кірпіштен ескі ерітіндіні қанша ажырастаң да, бәрібір жаңа болмайтыны секілді.

Жалпы, картина өзін «шығармашылық интеллигенцияға» жатқызатын қауымға ұнауы мүмкін, олар кезінде адамдардың қалай өмір сүргенін, адамзатты немқұрайлықтың қалай құртып жатқандығын талқылайтын шығар. Серік Апрымовтың «Әкеге қоңырау шалу» фильмі мағынасыз риториканы қалыптастыратын сияқты.

 

 

Киноға Кәрім Қадырбаев барды

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер