È

«Тыныштық үні»: Мені тыңдашы

«Тыныштық үні» фильміне пікірнама («Sound of Silence»)

ХIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде «Тыныштық үні» көркем фильмінің әлемдік тұсаукесері болып өтті. Картинаны үнді режиссероі Биджукумар Дамодаран түсірді. Кинофестиваль осы фильммен ашылуы тиіс болатын. Дегенмен, оның орнына қазақ кинематографының классигі «Қыз Жібек» фильмін көрсетуді ұйғарды.

«Тыныштық үні» кинотаспасы 12 жасар керең үнділік бала туралы баяндайды. Анасы босанып жатқан кезде қайтыс болғандықтан, әкесі ұлын кінәлайды, жек көреді. Баланың тәрбиесімен жергілікті сопы айналысады, ал әкесі қайғысын басу үшін ішімдікке салынып кетеді. Бала сиыр бағып, жұмыс істеп жүреді. Арасында сопыға кіріп, рухани байлық алуға тырысады.

Биджукумар Дамодаран, немесе өзінің қалауынша «Биджу дәрігер» көп сөзсіз медитативті фильм ұсынды. Картинадағы әр көрініс ерекше түсіндіріліп кетеді. Бұл жақтағы план симметриялы, жарық пен түс те маңызды рөл атқарады, ал операторлық жұмыс әдемілігімен баурап алады. Мысалы, табиғат тамаша көрсетілген: таулы ландшафт, ашық түсті жасыл желек, қанық түстер.

Биджу дәрігер шынымен де гомеопат-дәрігер. Бірақ, ол кинорежиссер болуды ұйғарады, оның дебюті Каннда болды. Тағы бір қызығы, оның «Үйге жол» атты бұрынғы жұмысы керісінше, әкенің балаға деген махаббатын баяндаған.

Сонымен қатар, аудиошолу бөлімін ерекше атап өтуге болады, кинотаспа бір сәтке де тыным таппайды, табиғат үндерінен ләззат аласың: шөп сыбдыры, желдің соғуы, сиырлардың мөңіреуі, шегірткелердің шырылдауы, жапырақтар сыбдыры, құстардың ән салғаны – әр қимыл мен дыбысты бүкіл өн бойыңнан өткізесің. Осының барлығы ситара мен мелодиялық флейтаның сүйемелдеуімен жанға жайлы әсер етеді.

«Тыныштық үні» - атмосфералық кино, керең баланың көзімен көрсетілген фильм бізге таңсық секілді, дегенмен өте қызықты. Кейіпкерлер туралы ештеңе білмейміз, өйткені кинематографистер жиі жүгінетін флешбек жоқ. Бірақ, режиссер баланың түсі мен қиялын көрсетеді, сол арқылы әкесімен арадағы қарым-қатынасын біліп отырамыз.

Картинада көп қимыл жоқ, дегенмен әрбір әрекеттен ерекше әсер аласың. Баяндауы баяу әрі біркелкі, бірақ фильм сүреңсіз емес, керісінше екінші акттан бастап қызықтыра түседі.

Локациясы да бірден назар аудартады, таспа шынымен Гималайда түсірілген, картинадағы сопылардың барлығы актер емес, шіркеуде тұратындар. Баланың рөлін режиссердің ұлы сомдады, ал әкенің рөлін ойнайтын актерді түсірілім барысында тапқан. Екеуі де кәсібилігінің жоқтығына қарамастан, жақсы ойнап шықты.

Кино сезімге бағытталған, ол бізді басты кейіпкер сезінген тыныштыққа, шынайы сұлулыққа жетелейді. Фильм сыншыларға да, көрермендерге де қызықты болады. Ал «баланың жазған хатымен» болған ашық финалды әркім өзінше түсінеді.

«Тыныштық үні» - әке мен бала арасындағы мәселелерге, отбасындағы қиыншылықтарға, қоғамдағы түсініспеушілікке, өзіңді іздеуге бағытталған пәлсапалық, көп сөзділігі жоқ мысал. Ең соңында айтарым, бұл бізге қарағанда, керең болса да айналасын жақсы тыңдай білетін бала туралы фильм.

 

 

Киноға Болат Қысамбаев барды

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса