XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қызыл кілемшесінен фоторепортаж
Астанада XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтіп жатыр. 22 шілде күні шараның ашылуында отандық және шетелдік киноқайраткерлер қызыл кілеммен жүріп өтті.
Фестивальдің ашылуына қазақстандық пен шетелдік актерлардың көпшілігі қатысты. Олардың қатарында отандық актерлар Іңкәр Әбдіраш, Әзиз Бейшеналиев, Талғат Теменов, Жан Байжанбаев, Ерік Жолжақсынов, Жанна Қуанышева, Байкенже Белбаев, ресейлік актрисалар Алика Смехова мен Екатерина Климова бар. Сонымен қатар, Америка жұлдыздары Николас Кейдж бен Эдриан Броуди арнайы ат басын тіреді. Отандық режиссерлар Рүстем Әбдірашев пен Дәрежан Өмірбаев та қызыл кілемнің үстімен жүріп өтті. Шараға танымал әнші Димаш Құдайбергенов қатысты.
Еске сала кетсек, фестиваль 28 шілдеге дейін жалғаспақ. Қазақстан алты картинаны ұсынып отыр. Шарада барлығы 30 кинотаспа көрсетіледі.
Суреттерді «Еуразия» кинофестивалінің баспасөз қызметі ұсынды
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін