È

Эдриан Броуди Астананы Лас-Вегаспен салыстырды

Эдриан Броуди Астананы Лас-Вегаспен салыстырды

Жақында Астанаға Оскар иегері, актер Эдриан Броуди келді. Ол «Еуразия» кинофестивалінің арнайы қонақтарының бірі. Белгілі болғандай, әлемдік жұлдыз біздің астанамызға алғаш рет келіп отырған жоқ. Актер 2010 жылы «Астана» Халықаралық экшн-фильмдер фестиваліне қатысқан болатын.

Эдриан Броуди аэропорттан түсе салысымен, астананың алғаш рет келген уақыттан қазіргі кезге дейін қатты өзгергенін атап өтті. Оның айтуынша, Астана өзгеру жылдамдығы жағынан Лас-Вегастың өзін жолда қалдырған көрінеді.

Броуди астанамызды шарлап жүріп, «Этноауыл» мәдени кешеніне барды, қазақ ұлттық тағамдарынан дәм татты. Содан кейін, «Астана Опера» театрына барып, Алан Бөрібаев дирижерлігімен болған Густав Малердің 8-ші симфониясының тұсаукесеріне ат басын тіреді. Концерттің Голливуд актеріне ерекше әсер еткені соншалық, ол қазақ режиссерларымен бірге жұмыс істеп, дирижер рөлін сомдағысы келетінін білдірді.

XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің баспасөз-конференциясынан сурет

Естеріңізге сала кетсек, бұрын ол «Пианиношы» фильмінде музыкант Владислав Шпильманды сомдаған еді, сол үшін алғашқы «Оскарын» алған.

Сонымен қатар, киножұлдыз қайырымдылықпен айналысатынын және жергілікті балалар қорына қуана көмектескісі келетінін жеткізді. Эдриан қандай қорға қайырымдылық жағынан көмектесетінін жақын арада мәлімдемек.

 

Суреттерді кинофестивальдің баспасөз қызметі ұсынды

Фотограф: Иркабаев Ришат

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Алексей Пантелеев

Актер