È

Астанаға Николас Кейдж, Эдриан Броуди және Джон Малкович келеді

«Еуразия» ХКФ-не Николас Кейдж, Эдриан Броуди және Джон Малкович келеді

XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің дирекциясы қонақ ретінде актерлар Николас Кейдж, Эдриан Броуди, Джон Малкович және продюсер Марко Мюллерді шақырды. Әлемдік деңгейдегі жұлдыздар Қазақстан астанасына бірінші рет келмек. Бұл туралы кинофестивалдің бас директоры Рашид Нұғыманов пен бағдарлама директоры Елена Ларионова хабарлады.

«Еуразия-2017» кинофестивалі 22 шілдеде Астанада өтеді. Фестивальде қазақстандықтарға барлығы 296 картина көрсетіледі. Олардың ішінде бас жүлдеге 101 фильм таласады. Сонымен қатар, кинофестиваль аясында 14 әлемдік тұсаукесер, 11 азиаттық және 2 халықаралық кинотұсаукесерлер ұсынылады. Байқауға қатысуға барлығы бір мыңнан астам өтініштер келіп түскен.

Талғат Теменов

Брифинг барысында халықаралық қазылар алқасының құрамы анықталды. Үміткерлердің жұмыстарын қазақстандық режиссер әрі кинодраматург Талғат Теменов, әзірбайжан режиссері Эльчин Мусаоглу, малиялық режиссер Сулейман Сиссе, Грузиядан келген сценарист Русудан Глурджидзе және американдық актриса Бай Лин бағалайтын болады. Тәжірибелі комиссияны басқару құқығына ресей кинотанушысы әрі мәдениеттанушы Кирилл Разлогов ие болды.

 

Суреттерді «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің баспасөз қызметі ұсынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер