È

Астанадағы Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде «Біз» атты испан фильмінің тұсаукесері болады

Астанадағы Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде «Біз» атты испан фильмінің тұсаукесері болады. Қазақстан киносы

XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі әлемдік тұсаукерлерге толы болмақ. Фестиваль аясында қалың бұқараға алғаш рет испан режиссері әрі операторы Фелип Вар де Реяның «Біз» атты жұмысы ұсынылатын болады. Картина шараның негізгі байқау бағдарламасына енген.

«Біз» («Nosotros») кинотаспасы Испания президентін сайлау құрметіне орай берілген демалысты пайдаланып, дәмханаға жиналған достар туралы баяндайды. Кейіпкерлер дәл осы күннің жеке өмірлері мен бүкіл елдің тағдырын өзгертетінін сезбеген еді. Картинадағы оқиға 2015 жылдың желтоқсан айында болған.

«Біз» («Nosotros») фильмінің трейлері

«Еуразия» ХКФ 22 шілдеде басталады және Астанадағы «ЭКСПО-2017» аясында өткізіледі. Алдағы фестиваль жаңа бөлімдері бар халықаралық кинобағдарламаларымен ерекшеленеді. Олар – «Бес құрлық» балалар фильмдері байқауы және «Алты алаңқай» атты дамушы елдердің кинотаспаларының көрсетілімдері. Биылғы жылы Орта Азияның ірі кино жаңалығы тағы да екі шараның алаңқайына айналады. Олар – «Eurasia Spotlight» кәсіптік платформалары және «Еуразия фильм маркет» бірінші кинонарығы.

«Еуразия» кинофестивалінің Президенті – Халық әртісі Айман Мұсаходжаева, директоры - кинорежиссер Рашид Нұғыманов.

 

Превью: «Еуразия» кинофестивалінің Facebook-тағы ресми парақшасы

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер