«Eurasia Spotlight-2017» питчингіне қатысуға өтініштерді қабылдау басталды
«Еуразия» XIII халықаралық кинофестивалінің аясында «Eurasia Spotlight» кәсіптік алаңқайы жұмыс істейтін болады. Биылғы жылы іс-шара Астанада «Eurasia Film Market» халықаралық кинонарығымен бірлесіп 2017 жылдың 23-28 шілде аралығында өткізілмек.
Eurasia Spotlight – 2011 жылы құрылған интерактивті платформа, шара кинематографшылардың бір-бірімен тәжірибе алмасып, өндірістегі жобаларын талқылап, таныстыруға бағытталған. Жетекшілері - Анна Качко мен Ілияс Ахмет.
Eurasia Spotlight 2017 питчингіне 2016-2017 жылдары фильмдері (ойнамалы, деректі, қысқаметражды және толықметражды) халықаралық кинофестивальдарға қатысқан кинематографшылар өтініш бере алады. Сонымен қатар, Қазақстан мен халықаралық аудиторияға қызықты болатын жобалар да қатыса алады.
Анна Качко және Ілияс Ахмет
Қатысу үшін өтініш үлгісін толтыру қажет. Оны urasiaspotlight@gmail.com мекен-жайы бойынша сұрай аласыздар. Қосымша, 1-2 бетке фильм синопсисін орыс тілінде және 1 бетке авторлардың жобаға деген көзқарасын жазып жіберу қажет.
Өтініштер биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады.
Еске сала кетсек, «Eurasia Spotlight» питчингінің былтырғы жеңімпаздары - Аян Найзабеков («Үнсіздікке толы саяхат» қысқа метрі), Екатерина Суворова («Ғаламшар өмірінен» деректі фильмі) және Вениамин Ілиясов («Жаңадан үйренушілерге арналған ағылшын тілі» жобасы). 2016 жылдың қатысушылары туралы толығырақ мына жерден біле аласыздар.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін