È

«16 қыз» «Бродвейде»

«16 қыз» на «Бродвейде»

«16 қыз» романтикалық комедиясын «Бродвей» (Brod.kz) кинопорталынан онлайн режимде көруге болады.Фильмді жарнамасыз 300 теңгеге көре аласыздар.

«16 қыз» романтикалық комедиясындағы басты кейіпкер Бауыржан өзінің достарымен бірге ескі Волгада саяхатқа аттанады.

Фильмді Kanaidar production мен «Қазақфильм» киностудиялары түсірді. Картина режиссеры - Қанағат Мұстафин, продюсер - Айдархан Әділбаев.

Басты рөлдерде: Аша Матай, Берік Айтжанов және Ануар Нұрпеисов.

Режиссердың айтуынша, фильмнің идеясы 2007 жылы туды, «Дос Мұқасан» тобының «16 қыз» әнін тыңдап отырып, кино түсіруді ұйғарған. О бастағы сценарий неше мәрте қайталап жазылды, тек 2014 жылы ғана түсірілім тобы кинолентаның түсіріліміне кірісті.

Комедияның тұсаукесері 2016 жылдың 3 наурызында өтті. Картина алғашқы аптада 45 миллион теңге табыс тапты. Фильмнің саундтрегін белгілі әнші Қайрат Нұртас орындады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер