È

«16 қыз» Румынияға аттанды

«16 қыз» Румынияға аттанды

Режиссер Қанағат Мұстафиннің «16 қыз» картинасы Comedy Cluj International Film Festival фестивалінің негізгі бағдарламасына ілінді. Жыл сайын ұйымдастырылатын фестиваль 2006 жылдан бері Румынияның Клуж-Напока қаласында өткізіледі. CCI Film Festival - Еуропадағы ең ірі комедиялық кино фестивальдерінің бірі.

«16 қыз» - романтикалық комедия, онда бас кейіпкер Бауыржан өзінің достарымен бірге «Волга» көлігінде өзінің өмірлік жарын іздеуге аттанады.

Басты рөлдерде Берік Айтжанов, Аша Матай және Ануар Нүрпеисов.

«16 қыз» фильмінен кадр

Фильмді Kanaidar production «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесіп түсірді.

Кинофестиваль 21-і мен 30 қазан аралығында өтеді. Отандық фильммен қатар бас жүлдеге Аргентина, Германия, Грузия, Израиль, Италия, Польша, Перу, Солтүстік Корея, АҚШ және Франция елдерінің фильмдері таласатын болады. Соңғы жылдары Comedy Cluj International Film Festival көрерменге 900 картина ұсынды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер