È

«Біздің сүйікті дәрігер - 2» атты жаңа фильм өндіріске жіберілді

«Біздің сүйікті дәрігер - 2» атты жаңа фильм өндіріске жіберілді

«Қазақфильм» киностудиясы «Біздің сүйікті дәрігер» атты танымал музыкалық фильмінің жалғасын өндіріске жіберілгені туралы хабарлады.

«Біздің сүйікті дәрігер-2» фильмі – 1957 жылы Шәкен Айманов түсірген танымал музыкалық фильмнің жалғасы. Жаңа фильмнің режиссері – фильмографиясында комедиялық жанрда сәтті фильмдері бар жас режиссер Асқар Бисембин.

Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша өндіріске жіберілген. Фильмді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және «Bissembin Film» бірлесіп түсіреді.

- Бұл фильмді түсіру – үлкен жауапкершілік. Бәріміз де осы туындыны көріп өстік емес пе. Бала кезімде бұл фильмді жиі көретінмін. Біз римейк түрісуді көздеп отырған жоқпыз, бұл сол оқиғаның жалғасы ғана, - деді режиссер Асқар Бисембин.

Айта кетейік, «Біздің сүйікті дәрігер-2» фильмінде басты рөлді «Голос. Дети-4» байқауының жеңімпазы Данэлия Тулешова сомдайтын болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер