È

Қазақстандық «Мен мұндамын» детективті триллері көрерменге жол тартпақ

Қазақстандық «Мен мұндамын» детективті триллері көрерменге жол тартпақ

20 маусымда еліміздің барлық кинотеатрларында «Мен мұндамын» (Я здесь) атты қазақстандық детективті триллердің тұсаукесері өтеді. Кинотаспаны шығарумен "Creative KZ" продакшн компаниясы Ресейден келген серіктестермен бірге айналысты.

Түсірілім осы қыста Нұр-Сұлтанда өтті. Кинокартинаның оқиғасы көрермендерді үйлену тойы қарсаңында қалыңдық жоғалған елордалық қонақүйлердің біріне апарады. Тергеушінің ойынша, қалыңдықтың әрекеті той алдындағы қобалжуға байланысты болуы мүмкін. Алайда бұл оқиға түнгі уақытта қонақүй тұрғындарының тыныштығын бұзған күрделі мәселеге айналады.

Түсірілім тобына өз ісінің мамандары - ресейлік режиссер және сценарист Светлана Петрийчук, қоюшы-оператор Матвей Шестаков, композитор Кирилл Соболев, сондай-ақ қонақүйде мистикалық жағдай жасаған қоюшы-суретші Руслан Оспанов кірді.

Бас продюсер Риана Каир осы жанрдағы киноның бүгінгі тәсілдері туралы айта келе, көрерменнің сапалы және әр түрлі жанрдағы контентті көргісі келетінін атап өтті.

- «Мен мұндамын» - сізге таныс Агата Кристи кітаптарының сюжетімен ұқсас классикалық оқиға емес. Қазір басқа детективтердің уақыты. Фильмнің негізгі идеясы канонға ұшырағанын жоққа шығармаймын, өйткені барлығымыз тергеу құпиясын және сюжеттің сәтсіз ағысын қамтитын әңгімелерді тындап өстік. Біздің картинамыз серпінді және фильмдегі жұмбақты шешуге 100 минут бөлінген.

Фильмдегі кейіпкерлерді белгілі театр және кино актерлері Әзиз Бейшеналиев, Шыңғыс Қапин, Айсұлу Әзімбаева, Мұрат Бисенбин, Газрет Ержанов, Анастасия Тарасова, Антон Дукравец, Михаил Токарев, Наталья Долматова, Айнұр Бермұхамбетовалар сомдайды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер