È

«Тұлғалық өсу тренингі» көркем фильмі ресейлік көрермендерге көрсетіледі

«Тұлғалық өсу тренингі» көркем фильмі ресейлік көрермендерге көрсетіледі

Қазақстандық «Тұлғалық өсу тренингі» көркем фильмі 2019 жылдың 4 шілдесінен бастап Ресейде прокатқа жіберіледі. Фильм сценарийі Данияр Сүгіралиновтың «Кирпичи 2.0» романы желісінде жазылған.

Ресей Федерациясы аумағында фильм дистрибьюторы - «RFG Distribution» ресейлік компаниясы болып табылады.

«Тұлғалық өсу тренингі» фильмі ресейлік киножұртшылыққа таныс: 2019 жылдың сәуірінде қазақ кинематография тарихында тұңғыш рет 41-ші Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде Гран-приге ие болды. «Үздік фильм» номинациясындағы «Алтын Георгийді» Шәріповке халықаралық қазылар алқасының төрағасы – танымал корейлік режиссер Ким Ки Дук табыстады.

Естеріңізге сала кетейік, «Тұлғалық өсу тренингі»/«Тренинг личностного роста» фильмінің әлемдік тұсаукесері 23-ші Пусан Халықаралық кинофестивалінің «Азиаттық кино терезесі» бағдарламасында өткен. Сонымен қатар, өткен жылы картина 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінде Қазылар алқасының Арнайы жүлдесі мен NETPAC жүлдесіне ие болды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса