È

«Композитор» фильмі Шанхай кинофестивалінде 2 жүлдеге ие болды

«Композитор» фильмі Шанхай кинофестивалінде 2 жүлдеге  ие болды

ХХІІ Шанхай халықаралық кинофестивалінде «Композитор» көркем фильмі 2 марапатқа ие болды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен қытайлық «Shinework Pictures» компаниясы түсірген алғашқы қазақ-қытай бірлескен жобасы осы жылдың басында Пекин халықаралық кинофестиваліне қатысқан болатын. Картина режиссерлары: Қазақстан тарапынан – Сәбит Құрманбеков, Қытай атынан – Шерзат Якуб.

Композитор Бақытжан Байқадамовтың жиенінің рөлін сомдаған жас қазақстандық актриса Ділнәз Нұрсейіт «Үздік жаңа есім» аталымында қытайлық CCTV-6 телеарнасының жүлдесіне ие болды. Сонымен қатар, «Композитор» фильмінің продюсерлік тобы да ұйымдастыру комитетінің құрметті сыйлығын алды. Қытайлық бас продюсер Джонатан Шенде марапатқа ие болды.

Фильм Кеңес Одағы кезіндегі қытайлық композитор Сянь Синхайдың өмірі мен шығармашылығы, Алматыға эвакуацияланған шағы туралы баяндайды. Сонымен бірге, қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығын көрсетеді.

Басты рольдерді Ху Цзюнь, Берік Айтжанов, Юань Цюань, Аружан Жазылбекова, Алтынай Нөгербек сомдайды. Картинаның түсірілімдері 2017 жылы өтіп, фильмнің біраз бөлігі Қазақстанда түсірілген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, «Композитор» фильмі 2019 жылдың 17 мамырынан бастап Қытайда, ал 6 маусымнан бастап Қазақстанда прокатқа жіберілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер