È

Қазақстандық фильмдер Лондонда марапатталды

Қазақстандық фильмдер Лондонда марапатталды

2019 жылдың 6-10 маусым аралығында «Romford Film Festival» Британ кинофестивалі аясында өткен Eurasian Creative Guild Film Festival-да қазақстандық үш фильм: кеңес және қазақ киносының классигі Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» және Азиз Заировтың «Қыз бен теңіз», сондай-ақ Елена Лисасинаның «Финансист» қатысты.

«Алтын қордың» маржаны болып табылатын «Менің атым Қожа» картинасы «Мәңгілік классика. Әлемдік тану» құрметті марапатын иемденіп, ал «Қыз бен теңіз» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Динара Шәріпова фестивальдің «Ең үздік актрисасы» деп танылды. «Финансист» картинасы «Көрермендер көзайымы» сыйлығымен марапатталды.

Бұл Еуропа аумағындағы бірінші еуразиялық кинофестиваль. Сондықтан, оларға (еуропалықтарға) жаңа әрі қызықты туынды. Олар фильм арқылы біздің тарихымызды біліп, танығысы келеді. Бұл тек қана қазақ мәдениетін ғана емес, классикасын тану, - деді Eurasian Creative Guild Film Festival директоры Майра Қарсақбаева.

ECG Film Festival (Eurasian Creative Guild Film Festival) – Еуразия аймағындағы кинематографияны дамытатын алаң. Фестивальдің мақсаты – ағылшын тілді ортада еуразиялық киноларды дамыту және әлемдік мамандармен еуразиялық киноөкілдерді таныстыру. Әлемді Еуразия елі мен халықтардың байланысын бейнелейтін туындылармен таныстыру. Ынтымақтастық, бірге даму және өсу мүмкіндіктерін көрсету.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер