È

«Қазақфильмнің» 12 картинасы XV Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатыспақ

«Қазақфильмнің» 12 картинасы XV Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне  қатыспақ

2019 жылдың 29 маусым 6 шілде аралығында Нұр – Сұлтан қаласында өтетін XV Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның 12 картинасы қатыспақ. Барлық картиналар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген.

Фестивальді Рүстем Әбдірашовтың «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі ашады.

Киностудия фильмдері фестивальдің әртүрлі бағдарламаларына енгізілген:

Негізгі байқау – Фархат Шәріповтің «Тұлғалық өсу тренингі» фильмі. Деректі фильмдердің конкурстан тыс «Объектив» бағдарламасына – Берік Жахановтың «Ата кәсіп» фильмі. «Ерекше оқиға» конкурстан тыс бағдарламасына - Жаңабек Жетіруовтың «Шыңырау» фильмі.

«Еуразия жүрегінен» қазақ кинематографиясының конкурстан тыс бағдарламасына киностудияның 8 картинасы кіреді:

Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы»/ Хранитель», Ақан Сатаевтың «Елбасы жолы. Астана», Бахыт Қайырбековтың «Огонь, мерцающий в сосуде», Нұргелді Садығұловтың «Балуан Шолақ», Азиз Заиров пен Мұхаммед Мамырбековтың «Қыз бен теңіз», Эмир Байгазиннің «Өзен», Ардак Әмірқұловтың «В Безмолвии», Хуат Ахметовтың «Әруақ» фильмі.

Фестиваль ұйымдастырушысы «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ (ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша) болып табылады. Фестиваль Президенті – танымал кинорежиссер, жазушы, Кинематографистер Одағының басқарма төрағасы Ермек Тұрсынов.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер