È

VI Baiqonyr International Short Film Festival ұлттық конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзартты

VI Baiqonyr International Short Film Festival ұлттық конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзартты

Көптеген өтініштер бойынша VI Baiqonyr International Short Film Festival ұлттық конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімін 15 тамызға дейін ұзартты.

Егер сіз ұлттық конкурсқа қатысуға өтініш бергіңіз келсе, оны жасауға әлі уақытыңыз бар!

Естеріңізге сала кетейік, VI Baiqonyr International Short Film Festival фестиваліне қатысуға өтінімдер қабылдау 17-ші мамырдан басталған болатын. Фестиваль Алматы қаласында 8-12 қыркүйек аралығында өтеді.

Биыл BISFF 2 бағдарламадан тұрады:

  • Негізгі конкурс (ойын және деректі халықаралық қысқаметражды кино)
  • Ұлттық конкурс (ойын, деректі, анимациялық қысқаметражды кино)

Ұлттық конкурсқа қатысуға 2020-2021 жылдары қазақстандық режиссерлер және/немесе қазақстандық продюсерлер түсірген, техникалық жағынан кинотеатрда көрсетуге жарамды ұзақтығы 30 минутқа дейінгі қысқаметражды ойын, деректі, анимациялық фильмдер шақырылады.

Фестивальға қатысуға өтінім беру үшін фестивальдің ресми сайтында электрондық нысанды толтыру қажет. (https://baiqonyr.kz ).

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер