È

VI Baiqonyr International Short Film Festival жеңімпаздарын жариялады

VI Baiqonyr International Short Film Festival жеңімпаздарын жариялады

VI Baiqonyr International Short Film Festival 12 қыркүйекте өз мәресіне жетті. Фестивальдің басты жүлдесін режиссер Асель Аушакимованың «Товарищ полицейский» фильмі алды.

Сонымен қатар, полицияның имидждік акциясы туралы репортаж түсіруге тиіс қазақстандық мемлекеттік арнаның журналисі туралы бұл фильм «Үздік оператор» номинациясында (Сардар Баймолдин) да жеңіске жетті.

«Лучший фильм» — «Товарищ полицейский» – Асель Аушакимова, Жанна Утарбаева «Лучший оператор» — «Товарищ полицейский» – Сардар Баймолдин
«Лучший фильм» — «Товарищ полицейский» – Асель Аушакимова, Жанна Утарбаева «Лучший оператор» — «Товарищ полицейский» – Сардар Баймолдин

Халықаралық байқаудың Гран-при жүлдесі Армениядан келген «Новогодний поросенок» картинасына бұйырды. Сондай-ақ, бұл фильм үздік ер адам рөлі номинациясын жеңіп алды.

Гран-при – «Новогодний поросенок» – продюсер Карина Симонян (реж. Александр Багдасарян) – Армения
Гран-при – «Новогодний поросенок» – продюсер Карина Симонян (реж. Александр Багдасарян) – Армения

Жеңімпаздардың толық тізімі келесідей:

Ұлттық конкурс:

  • «Үздік фильм»«Товарищ полицейский»Асель Аушакимова, Жанна Утарбаева
  • «Үздік режиссер»«Түйме»Нұрбол Ерболұлы

«Үздік режиссер» — «Түйме» – Нұрбол Ерболұлы
«Үздік режиссер» — «Түйме» – Нұрбол Ерболұлы

  • «Үздік сценарий»«Граната»Далер Мурзагалиев, Талгатбек Абишев
  • «Үздік оператор»«Товарищ полицейский»Сардар Баймолдин

«Үздік актер» — «Граната» - Марат Абайдильда
«Үздік актер» — «Граната» - Марат Абайдильда

  • «Үздік актер»«Граната» - Марат Абайдильда
  • «Үздік монтаж»«Көше ақыны»Гүлжан Серікбай

«Үздік монтаж» – «Көше ақыны» – Гүлжан Серікбай
«Үздік монтаж» – «Көше ақыны» – Гүлжан Серікбай

  • «Үздік деректі фильм» - «Микеланджело из Тараза»Рүстем Дастанұлы
  • «Үздік анимациялық фильм»«Не выходя из комнаты» - Амина Тазиатова
«Үздік деректі фильм» - «Микеланджело из Тараза» – Рүстем Дастанұлы
«Үздік деректі фильм» - «Микеланджело из Тараза» – Рүстем Дастанұлы

​Халықаралық конкурс:

  • Гран-при«Новогодний поросенок» – продюсер Карина Симонян (реж. Александр Багдасарян) – Армения
  • «Үздік режиссура»«Простите, что опоздали»Лука БерадзеГрузия
  • «Үздік оператор»«Парамнезия» - Александр Кузнецов - РесейӘзірбайжанҚазақстан

«Үздік оператор» —  «Парамнезия» - Александр Кузнецов - Ресей – Әзірбайжан – Қазақстан

  • «Үздік сценарий»«Мечта» - Чингиз уулу Самудин Қырғызстан
  • «Үздік әйел рөлі»«Простите, что опоздали» - Като Калотазишвили - Грузия

«Үздік әйел рөлі» — «Простите, что опоздали» - Като Калотазишвили - Грузия

  • «Үздік ер адам рөлі»«Новогодний поросенок» - Aрег Геворгян Армения
  • «Арнайы жүлде» «Вторжение»Данте Рустав Өзбекстан

«Үздік сценарий» — «Мечта» -  Чингиз уулу Самудин – Қырғызстан

Биылғы жылы халықаралық қазылар алқасын Ресейден келген киносыншы, МТКФ Ресей Халықаралық кинофестивалінің қысқа метр байқауының іріктеушісі – Андрей Щиголев басқарды. Онымен бірге ұлттық конкурстың жеңімпаздарын ФИПРЕССИ және НЕТПАК мүшесі Гүлбара Толомушева (Қырғызстан), киносыншы Адиля Хайбуллина (Татарстан), продюсер Дина Жұмабек, дыбыс режиссері Денис Коноплев, қоюшы оператор Едіге Несіпбеков, жас режиссерлер Кристина Михайлова және Иван Ардашов таңдады.

«Арнайы жүлде» — «Вторжение» – Данте Рустав – Өзбекстан

Ал халықаралық байқаудың жеңімпаздарын «Қазақфильм» АҚ вице-президенті Айдархан Әділбаев (қазылар алқасының төрағасы) бастаған қазылар алқасы анықтады. Оның құрамына кинотанушы, киносыншы Инна Смаилова, продюсер Серік Әбішев және актриса Қарлығаш Мұхамеджанова кірді.

«Үздік деректі фильм» - «Микеланджело из Тараза» – Рүстем Дастанұлы
«Үздік деректі фильм» - «Микеланджело из Тараза» – Рүстем Дастанұлы

Естеріңізге сала кетейік, Baiqonyr ISFF – биыл алтыншы рет өткен Қазақстандағы алғашқы халықаралық қысқаметражды фильмдер кинофестивалі. BISFF фестиваль қатысушыларының шығармашылық «шарықтауы» және қазақстандық кинода жаңа есімдердің ашылуы үшін бастапқы алаңға айналды.

«Үздік режиссура» — «Простите, что опоздали» – Лука Берадзе – Грузия

Биыл фестивальге 180 жұмыс ұсынылды, оның ішінде 23 фильм ұлттық байқаудың қатысушылары болды, ал халықаралық байқаудың қатысушылары құрамына ТМД елдерінен 13 фильм кірді.

Фестиваль Алматыда, Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында, 8-12 қыркүйек аралығында, ТМД мемлекеттерінің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қорының қолдауымен, елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жабық форматта өтті.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер