È

«Aday Production» жас аниматорлары көпсериялы «Кенже қыз» мультфильмін дайындау үстінде

Команда молодых аниматоров «Aday Production»  готовят многосерийный мультфильм – «Кенже қыз»

«Aday Production» жас қазақстандық аниматорлар командасы 10 сериялы «Кенже қыз» шытырман оқиғалы мультфильм-фэнтези дайындап жатыр. Анимациялық жоба Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының екінші питчингінің жеңімпазы атанған болатын.

Сюжетке сәйкес, Айнұр есімді қыз оны елемейтін аға – інілерін таңдандырғысы келіп, айлакер әрі күшті зұлым - Ерқылықты босатады. Енді ол ежелгі зұлымдық күш жинамай тұрып, оны орнына қайтадан қайтару үшін Айнұр қауіпті сапарға шығуы керек…

Жобаның продюсері - Айбике Рахымжанова. Сценарий авторлары - Сергей Деркач пен Динара Ділдәбекова. Режиссері - Иван Ардашов.

Авторлардың айтуынша, «Кенже қыз» идеясы төрт жыл бұрын дүниеге келген. Осы уақыт ішінде аниматорлар серияны толықтырып, өндіріс әдістемесін жетілдіріп, қаржыландыру іздеді.

«Бастапқыда тұжырымдама басқаша болды. Біз достарыммен бірге жиналып, ақылдастық, көптеген шешімдер жасастық, идеяны дайындай бастадық. Содан кейін біз жобаны питчингке беруге мүмкіндік алдық, презентация көрсеттік, бәрі ойдағыдай болды, - дейді «Кенже қыз» режиссері Иван Ардашов.

Авторлардың айтуынша, «Кенже қыз» өндірісінде Қазақстандағы ең жас аниматорлар жұмыс істеп жатыр. Олардың кейбіреулері небәрі 17 жаста, демек, олардың өздері заманауи мультфильмдерді қарап өскен және қазақстандық қана емес, халықаралық нарықтарда бұл салада қандай өнім қажет екенін жақсы түсінеді.

«Біздің күшіміз – идеяның жаңашылдығы. Бізде жас, талантты балалар бар. Фильмді ары қарай таратуға келетін болсақ, біз «Союзмультфильммен» келіссөздер жүргізіп жатырмыз, Яндекске шығу мүмкіндігі де бар, яғни стриминг-сервистерге шығу жоспарда бар. Біздің фильм мүмкіндігінше барлық жерде болса дейміз, тіпті пайда таппаса да, ең бастысы - бәріне ұнап, оның жан-жаққа таралуы», - деп толықтырды Иван Ардашов.

Мультфильмнің тұсаукесері 2022 жылға жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Иван Ардашовтың «Өркеш» және «Абак и ритуал обхода» атты қысқа метражды туындылары Baiqonyr SFF-2018 және V Baiqonyr ISFF-2020-дағы ең жақсы анимациялық фильмдер деп танылған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер