È

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына «Balapan» телеарнасының тартуы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына «Balapan» телеарнасының тартуы

«Қазақстан РТРК» АҚ «Balapan» телеарнасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына түрлі жанрдағы 10 жаңа туынды әзірледі. Жобалар егемен елдің тарихы мен мәдениеті, ғылымы мен білімі, белестері және табыстары туралы қызық әрі бала пайымына лайықталған. Олардың 8-і анимациялық жоба болса, 2-і танымдық бағдарлама.

«Balapan»-ның көрермендері «Сұлтан Бейбарыс» (3D) мультхикаясынан баһадүр Бейбарыстың балалық шағынан Мысыр Сұлтаны болғанға дейінгі өмірімен танысса, «Қаһарманнан» (3D) түркілер дәуіріне саяхаттап, бабаларымыздың жанкешті ерлігін көреді. Басты құндылығымыз –Тәуелсіздігімізді келер ұрпаққа табыстауды негізгі өзек еткен «Алтын кілт» (2D) анимациялық сериалы бүлдіршіндерді отансүйгіштікке баулыса, «Ғарышкер бала Жігер» (2D) арқылы жас жеткіншектер Қазақстанның ғарыш саласындағы жетістіктері мен Байқоңыр ғарыш айлағы туралы қызық деректерді біледі. Ал «Сен білесің бе?» танымдық бағдарламасы Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі елеулі оқиғаларды, тұғырлы тұлғаларды тани түсуге ықпал етеді.

Мереке күндері телеарнадан ойын-сауық, оқу-танымдық мультхикаяларды да тамашалауға болады. «Тәп тәтті хикаяда» (3D) Конфи мен Алуа қоршаған ортаны таныстырса, «Томпидегі» (2D) Әли мен Айша заттардың пішіні мен қасиеттерін ұғындырып, мәнін ашып береді. Телеарна биыл әлемдік трендке айналған комикс жанрын да назардан тыс қалдырмады. Осылайша тұңғыш ұлттық ерекшеліктеріміз ескерілген, «Ержүрек сақшылар» (2D) атты комикс әзірлеп жатыр. Сонымен қатар, батырлар жырын арқау еткен шытырман оқиғалы «Ер Тарғын» (3D) мультсериалы көрерменге ұсынылды. Сонымен қатар, кішкентай көрермендер танымдық «Бірге ойнайық!» бағдарламасын тамашалай алады. Бағдарламаны ерекше жүргізуші, танымал тик-токер Самал Смахан жүргізеді. Бағдарламада балалар сурет салады, армандаған маман иесі болады және әлемді шарлап, қызық мағлұматтармен танысады.

Айта кетелік, жыл басынан бері «Balapan» телеарнасы жалпы 42 жоба өндірді. Телеарна сонымен қатар, «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 тарту!» шығармашылық байқауын ұйымдастырды. Жыл бойы өткен бұл байқауда кішкентай көрермендер азаттық туралы пайым-түсінігі мен келешек армандары жайлы айтып, түрлі өнерлерімен бөлісті. Байқау телеарна эфирі мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қатар жүргізілді. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

IV Baiqonyr International Short Film Festival-дің қазылар алқасы

Халықаралық қазылар алқасын Oberhausen ISFF іріктеушісі Кристиана Бюхнер басқарады

Brod.kaz

«Angry Birds в кино» 66 миллионов табыс тауып үлгерді

Қандай фильмдерге қазақстандықтар ақшаны аямайды. 

Айнур

Казахстанское кино

23 желтоқсан, 2019

Даңқты спортшы – Жақсылық Үшкемпіров туралы көркем фильмнің тұсаукесері өтті

Кинотуындының қоюшы режиссері әрісценарий авторы – Бақыт Қайырбеков

Brod.kaz

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер