È

7th BAIQONYR ISFF-нің халықаралық байқауының қатысушылары іріктелді

7th BAIQONYR ISFF-нің халықаралық байқауының қатысушылары іріктелді

7th Baiqonyr International Short Film Festival-нің іріктеу комиссиясы 2022 жылғы Халықаралық байқауына қатысушылардың құрамын анықтады.

Байқауға келіп түскен 200 өтінімнің ішінен кинотанушылар Ержан Жұмабеков, Еңлік Егеубаева, Ақерке Қамашбек, режиссер Райымбек Әлжанов және режиссер-аниматор Иван Ардашов 17 картинаны іріктеп алды.

VII Baiqonyr ISFF халықаралық байқауына қатысушылардың тізімі:

  • «Ветер нас уносит» – Файёз Бузрукходжаев – Узбекистан
  • «Жизнь без весны» – Шокир Холиков – Узбекистан
  • «Я сегодня вешался» – Анна Габриэль – Россия –Армения
  • «Головой вниз» – Овсанна Шекоян – Армения
  • «Мое черное сердце» – Гаруш Казарян – Армения
  • «Слишком большой» – Абдулло Гурбати – Таджикистан
  • «Где ваш дом?» – Эльвин Аширов – Азербайджан
  • «Таксист» – Илларион Яковлев – Республика Саха
  • «Нулевые» – Оксана Синчугова – Татарстан
  • «Юха» – Татьяна Черногузова – Татарстан
  • «Вклад» – Бахрам Сейтжанов – Республика Каракалпакстан
  • «Зеленое поле» – Тыныстан Темиржануулу – Кыргызстан
  • «Жар-жар» – Адилет Оморов – Кыргызстан
  • «Параллели» – Сергей Батаев – Россия
  • «Почти весна» – Настя Коркия – Россия
  • «Қора» – Телжан Нұрмахан – Казахстан
  • «Ақ алтын» – Жанана Курмашева – Казахстан

Халықаралық байқаудың жеңімпаздарын құрамында продюсер Рустам Юсупов, режиссер Айдын Сахаман және актриса Дина Тасбулатова бар қазылар алқасы анықтайды. Қазылар алқасын Қазақстан киносыншылары қауымдастығының президенті Гүлнар Әбікеева басқарады.

Естеріңізге сала кетсек, VII BAIQONYR International Short Film Festival7-11 қыркүйек аралығында Алматыдағы «Арман» киноорталығында өтеді.

Дәстүрлі түрде Baiqonyr фестивалінің ұйымдастырушысы еліміздің жетекші кинопорталы – «Бродвей» (brod.kz).

Фестиваль ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтеді. Ақпараттық қолдауды «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ көрсетеді.

Фестивальдің ақпараттық серіктестері «Хабар» және El Arna телеарналары, «Жұлдыз FM» және «Эльдорадио Алматы» радиостанциялары, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Baribar.kz, 365 Info.kz, «Экспресс К» интернет порталдары, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», Almaty Aqshamy, «Вечерний Алматы» және «Комсомольская правда Казахстан» басылымдары.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Алексей Пантелеев

Актер

Асылхан Төлепов

Актер