È

7th BAIQONYR ISFF-нің ұлттық байқауының қатысушылары анықталды

7th BAIQONYR ISFF-нің ұлттық байқауының қатысушылары анықталды

7th Baiqonyr International Short Film Festival-нің іріктеу комиссиясы 2022 жылғы ұлттық байқауға қатысушылардың құрамын анықтады. Конкурсқа түскен 90 өтінімнің ішінен комиссия мүшелері – кинотанушылар мен режиссерлер 21 туындыны іріктеп алды.

Ұлттық конкурсқа қатысу үшін алдын ала іріктеуден өткен картиналардың толық тізімі:

  • «Құс» Бегалы Шибикеев
  • «Кастинг»Рустем Дастанулы
  • «Один день»Амир Шагилбаев
  • «Чикен»Анастасия Бирючева
  • «Телефон»Алимжан Альмухан
  • «Жажди!»Адлет Шакир
  • «Көршінің көйлегі» Асқар Ермахан
  • «Ласточка»Малика Мухамеджан
  • «Ұйқым келді»Темирлан Сагимбаев
  • «Тұнық»Мейірбан Серік
  • «Қызыл алма»Асылжан Абдумуталиб
  • «Рух»Михаил Плиско
  • «Қасен мен Құсайын»Еркінқазықызы Іңкар
  • «Детские рисунки»Родион Баранников
  • «Взрослые рисунки»Бексұлтан Бектұрған
  • «Aybat»Мейрамбек Сағынов
  • «Қаңтар»Әлішер Жәдігеров
  • «Sekenaga»Телжан Нұрмахан
  • «Вилик: жизнь пожарного»Бекарыс Буйтеков
  • «Невидимки»Виктория Шегай
  • «Главное любить»Меруерт Акитова

Ұлттық байқаудың жеңімпаздарын режиссер Эдуард Новиков (Саха, Ресей) бастаған беделді қазылар алқасы анықтайды. Қазылар алқасының құрамында - кинотанушы Хонг Санг Ву (Оңтүстік Корея), кинотанушы Адиля Хайбуллина (Татарстан, Ресей), кинорежиссер Фехруз Шамиев (Әзербайжан), кинорежиссер Нұржамал Қарамолдоева (Қырғызстан), кинотанушы Евгений Майзель (Ресей) және продюсер Анар Жүнісова (Қазақстан) бар.

Естеріңізге сала кетсек, VII BAIQONYR International Short Film Festival7-11 қыркүйек аралығында Алматыдағы «Арман» киноорталығында өтеді.

Дәстүрлі түрде Baiqonyr фестивалінің ұйымдастырушысы еліміздің жетекші кинопорталы – «Бродвей» (brod.kz).

Фестиваль ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтеді. Ақпараттық қолдауды «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ көрсетеді.

Фестивальдің ақпараттық серіктестері «Хабар» және El Arna телеарналары, «Жұлдыз FM» және «Эльдорадио Алматы» радиостанциялары, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Baribar.kz, 365 Info.kz, «Экспресс К» интернет порталдары, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», Almaty Aqshamy, «Вечерний Алматы» және «Комсомольская правда Казахстан» басылымдары.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер