È

Алматыда VII BAIQONYR халықаралық қысқаметражды фильмдердің фестивалі өтеді

Алматыда VII BAIQONYR халықаралық қысқаметражды фильмдердің фестивалі өтеді

7-11 қыркүйек аралығында Алматы қаласында 7th BAIQONYR International Short Film Festival өтеді. Бұл биылғы жылы Қазақстанда өтетін алғашқы және жалғыз кинофестиваль болайын деп тұр – себебі пандемиядан кейін «Еуразия» және Almaty Film Festival сияқты басқа да ірі фестивальдер әлі өткізілген жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, Baiqonyr - жеті жыл бойы отандық кинематографтың жаңа есімдерін ашып қана қоймай, Қазақстанның шығармашыл жастарын халықаралық деңгейде ілгерілетуге тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқан Қазақстандағы алғашқы қысқаметражды халықаралық кинофестиваль. Алты жыл ішінде Baiqonyr-ге 11 мыңнан астам көрермен келді, олар 240-тан астам фильмді көрді. Іріктеу комиссиясы 1168 өтінімді қарады, ал фестивальдің қазылар алқасы 62 лауреатты марапаттады.

Лауреаты BAIQONYR International Short Film Festival
Лауреаты BAIQONYR International Short Film Festival

Биыл фестиваль осы жылдың көптен күткен фильмдерінің бірі - аты аңызға айналған «ДОС-МҰҚАСАН» ансамбльдің құрылу тарихын баяндайтын «Дос-Мұқасан» (режиссер Айдын Сахаман, «Aray Media Group» шығарған) фильмінің премьерасымен ашылады. Ал фестивальдің жабылуында Дарежан Өмірбаевтың «СОҢҒЫ СЕАНСЫ» атты картинасы көрсетіледі, оның әлемдік премьерасы жақында ғана швейцарияның Локарно қаласында өткен беделді кинофестивальде өтті.

Алдағы фестиваль бағдарламасы үш конкурстан тұрады – ұлттық (көркем және деректі қысқа метражды фильмдер), халықаралық (көркем және деректі қысқа метражды фильмдер) және анимациялық.

- Ұсынылған 306 киножобаның ішінен кинотанушылар Ержан Жұмабеков, Еңлік Егеубаева, Ақерке Қамашбек, режиссер Райымбек Әлжанов және режиссер-аниматор Иван Ардашовтан тұратын біздің бағдарламалық қызмет фестивальге қатысу үшін 48 жобаны іріктеп алды, - дейді кинофестиваль Президенті Әнуар Кенжебаев. Сондай-ақ, биыл фестивальге Қырғызстаннан келген «Экспедиция» қозғалысы қатысады. Бұл қазіргі замандастары, қарапайым адамдар, олардың проблемалары мен армандары туралы қысқа метражды фильмдер түсіретін әртүрлі режиссерлер тобы. Қозғалысқа 50-ге жуық жас режиссер қатысады.

Ануар Кенжибаев - Директор и основатель Brod.kz, Президент и основатель Baiqonyr International Short Film Festival
Ануар Кенжибаев - Директор и основатель Brod.kz, Президент и основатель Baiqonyr International Short Film Festival

Дәстүрлі түрде Baiqonyr фестивалінің ұйымдастырушысы еліміздің жетекші кинопорталы – «Бродвей» (brod.kz). Фестивальдің негізгі алаңы – «Арман» киноорталығы.

Фестиваль ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтеді. Ақпараттық қолдауды «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ көрсетеді.

Фестивальдің ақпараттық серіктестері «Хабар» и El Arna телеарналары, «Жұлдыз FM» және «Эльдорадио Алматы» радиостанциялары, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Baribar.kz, 365 Info.kz, «Экспресс К» интернет порталдары, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», Almaty Aqshamy, «Вечерний Алматы» және «Комсомольская правда Казахстан» басылымдары.

Фестивальдің соңғы жаңалықтарын baiqonyr.kz сайтынан, біздің Instagram және Facebook парақшаларымыздан baiqonyrfilmfestival оқи аласыздар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер