È

Халықаралық кинотанушылар мен сыншылар форумы

«Ракурс» - халықаралық кинотанушылар мен сыншылар форумы

VII Baiqonyr Film Festival аясында ТМД елдерінің кинотанушылары мен сыншыларының атты форумы өтеді. Іс-шара ТМД мемлекеттерінің киносыншылары мен кинотанушылары арасында өзара іс-қимыл мен дискурстың, тәжірибе алмасудың тұғырнамасы ретінде ойластырылған. Оған қазақстандық және шетелдік мамандар қатысады.

Форум бағдарламасында - киносыншы Адиля Хайбуллинаның (РФ, Татарстан) және белгілі кинотанушы, ФИПРЕССИ мүшесі Евгений Майзелдің (РФ, Мәскеу) авторлық дәрістері бар. Сондай-ақ, қатысушылар үшін Фархат Шәріповтың «Схема» және Дарежан Өмірбаевтың «Соңғы сеанс» картиналарын талқылай отырып, арнайы көрсетілімдер өткізу жоспарланған.

Форум төрағасы, өнертану магистрі Ержан Жұмабековтың айтуынша, басты тақырып киноны зерттеудің теориялық маңыздылығын белгілеу болмақ.

«Сапалы практикалық мысалдарды талдау негізінде біз теорияны дамытуда айтарлықтай табыстарға қол жеткізе аламыз», - дейді Ержан Фазылұлы.

Форум серіктестері - Қазақстан киносыншылар қауымдастығы және Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасы.

Дәстүрлі түрде Baiqonyr фестивалінің ұйымдастырушысы еліміздің жетекші кинопорталы – «Бродвей» (brod.kz).

Фестиваль ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтеді. Ақпараттық қолдауды «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ көрсетеді.

Фестивальдің ақпараттық серіктестері «Хабар» және El Arna телеарналары, «Жұлдыз FM» және «Эльдорадио Алматы» радиостанциялары, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Baribar.kz, 365 Info.kz, «Экспресс К» интернет порталдары, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», Almaty Aqshamy, «Вечерний Алматы» және «Комсомольская правда Казахстан» басылымдары.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер