BAIQONYR КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
![BAIQONYR КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ](/media/news/jfk/16944330190ux5m-740x.jpg)
10 қыркүйек, Алматыда, «Арман» киноорталығында VIII BAIQONYR халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанаты өтті.
Өткен бес күн ішінде Baiqonyr негізгі фестивалінің және оның алаңында басталған Almaty Animation фестивалінің көрермендері мен қатысушылары түрлі конкурстық бағдарламаларда 7 елден келген 82 картинаны тамашалады.
Конкурстан тыс бағдарламаларда Киносыншылар мен кинотанушылардың II халықаралық форумы және Корей анимациялық кино күні өтті, сондай-ақ жаңа киножобалардың тұсаукесері және танымал кинематографистердің шеберлік сыныптары болды.
Беделді қазылар алқасы кино көруді қорытындылап, бірнеше номинация бойынша әр байқаудың жеңімпаздарын анықтады.
![](/new-uploads/users/2598/images/2023/11.jpg)
BAIQONYR жеңімпаздары
Үлттық көркем және деректі қысқаметражды фильмдер байқауы:
- «Үздік фильм» – «Сабыр» реж. Марина Зиберт, Дамир Танатов, продюсер Айгерим Сатыбалды.
- «Үздік режиссура» – Ілияс Антар Ахмет «Клубничная принцесса»
- «Үздік операторлық жұмыс» – Мағжан Адильшинов «Бей, беги, замри»
- «Үздік сценарий» – Дендер Думан «Сары – өмір»
- «Үздік әйел рөлі» – Камила Мусанова «Эпилог»
- «Үздік ер адам рөлі» – Салих Сейсенбай «Сабыр»
- «Үздік көркем-суретші» – Адиль Абабахриев «Кассета»
- «Үздік монтаж» – Ерасыл Байболов «С днем независимости»
- «Үздік дыбыс» – Илья Гариев «Сары – өмір»
- Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Беги, Адема, беги»
Халықаралық көркем және деректі қысқаметражды фильмдер байқауы:
- «Үздік фильм» – «Әй, Гюнеш!» (Грузия)
- «Үздік режиссура» – Дастан Мадальбеков «Сын отца своего» (Қырғызстан)
- «Үздік операторлық жұмыс» – Айгуль Нурбулатова «Маленькая любовь» (Қазақстан)
- «Үздік сценарий» – Лусине Папоян «Уравнение с двумя переменными» (Армения)
- «Үздік әйел рөлі» – Лия Латыпова «Дети Йети» (Татарстан, Ресей)
- «Үздік ер адам рөлі» – Юрий Борисов «Прости меня, Аня» (Ресей)
- Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Беглец» (Грузия)
- Сонымен қатар киносыншылар қырғызстандық Никита Ловецкийдің «Галина Петровна» атты фильмін «Үздік фильм» деп таныды.
![](/new-uploads/users/2598/images/2023/3333.jpg)
ALMATY ANIMATION FESTIVAL жеңімпаздары
Негізгі конкурс:
- «Үздік анимациялық фильм» – «Белый-белый день» (Ресей, Франция, Канада), реж. Василий Чирков.
- «Үздік көрнекі шешім» – «Hadis» (Әзірбайжан), реж. Назрин Агамалиева.
- «Үздік экспериментальды анимациялық фильм» – «Ашмётки» (Ресей), реж. Алиса Шадрина.
- «Үздік дыбыс» – «Уважаемые пассажиры» (Ресей), реж. Макс Куликов
- Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Кстати, о птичках» (Ресей), реж. Алла Вартанян және «Метаморфозы» (Қазақстан), реж. Айтолкын Əлменова.
- Қазақ ұлттық стилін анимацияда насихаттауға қосқан үлесі үшін арнайы сыйлығы – «Kandai rakat sabiler zhulamagan!» (Қазақстан), реж. Маржан Жұбаныш
Халықаралық студенттік аимациялық фильмдер конкурсы:
- «Үздік студенттік анимациялық фильм» – «Одинока ли Луна» (Қытай, Ресей), реж. Мария Лукина.
- «Анимациядағы жаңашылдық» – «Рояль в кустах» (Ресей, Эстония), реж. Дашка Дементьева.
- «Үздік көрнекі шешім» – «Манки Битс» (Ресей), реж. Маша Семина
- «Үздік кейіпкерлер анимациясы» – «Про кошку, которая стеснялась носить очки» (Қазақстан), реж. Анна Ким.
- «Үздік музыка» – «Отражение» (Қазақстан), реж. Улбосын Пирмаханова.
- «Үздік экспериментальды анимациялық фильм» – «Я боюсь, что у моего будущего ребенка будет аутизм» (Қазақстан), реж. Даяна Чернышева.
- Фестивальдің Қазақстанның анимациялық индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы сыйлығы – Tasqyn studio.
![](/new-uploads/users/2598/images/2023/55555.jpg)
Фестиваль дәстүрлі түрде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтеді.
Фестивальдің ақпараттық серіктестері: «Хабар» агенттігі, «Алматы» телеканалы, «Эльдорадио» және «Жулдыз» радиостанциялары, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Время» басылымдары, Orda.kz, Baribar.kz, 365info, Global.news.kz, BAQ.kz, QAZ365.kz, PRO Production интернет-порталдары және JAS ÓNER журналы.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін