È

IX Baiqonyr Film Festival: Ұлттық байқау қазылар алқасы

IX Baiqonyr Film Festival: Ұлттық байқау қазылар алқасы

Бес сарапшыдан тұратын IX Baiqonyr кинофестивалінің Ұлттық байқауының қазылар алқасын таныстыруға дайынбыз.

Қазылар алқасының төрағасы:

Лилия Немченко (Ресей) – кинотанушы, «Кинопроба» киномектептер фестивалінің директоры. Сонымен қатар, ол Кино ғалымдары мен киносыншылар гильдиясы кеңесінің мүшесі. 80-нен астам ғылыми мақалалардың авторы.

Қазылар алқасының мүшелері:

Шарофат Арабова (Тәжікстан) – режиссер, киносыншы, Netpac және Тәжікстан кинематографистер одағының мүшесі. Тәжік киносы бойынша монографиялардың авторы, тарих ғылымдары кандидаты.

Георгий Размадзе (Грузия) – кинотанушы, өнертану ғылымының докторы (PhD), Грузиядағы Шота Руставели университетінің оқытушысы.

Айсұлу Әзімбаева (Қазақстан) – танымал актриса. Ол «Хирург», «Бизнесмены», «Она», «В сетях» және басқа да фильмдердегі рөлімен танымал. «В сетях» фильміндегі рөлі үшін Айсұлу «Тұлпар» киносыйлығының «Үздік әйел рөлі» жүлдесін алды.

Султан Усувалиев (Қырғызстан) – кинотанушы, өнертану кандидаты, режиссер, продюсер және Орталық Азиядағы Америка университетінің оқытушысы.

IX Baiqonyr кинофестивалі 3-8 қыркүйек аралығында Алматыдағы MEGA Alma-Ata сауда орталығындағы Chaplin Cinemas кинотеатрында өтеді. Ұлттық байқауға 17 фильм іріктелді.

Фестиваль дәстүрлі түрде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастығы қорының қолдауымен өтеді.

Фестиваль жаңалықтарын baiqonyr.kz сайтында және Instagram желісіндегі baiqonyrfimfestival парақшасынан бақылап отырыңыз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер