Almaty Animation Festival Mini анимация фестивалі басталады

2026 жылғы 21 ақпанда Алматы қаласында Almaty Creative алаңында Almaty Animation Festival Mini анимация фестивалі өтеді. Almaty Animation Festival осымен төртінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. 2026 жылы фестиваль екі кезеңде өтпек: қысқы AAF Mini және жазғы негізгі кезең.
Қысқы Almaty Animation Festival Mini анимация саласындағы қауымдастықты біріктіруге және жобаларды әзірлеуден бастап олардың монетизациясына дейінгі практикалық қырларға бағытталады. Ал негізгі кезең тамыз айында дәстүрлі ауқымды фестиваль форматында өтеді - халықаралық бағдарлама, байқаулар жоспарланған.
Бұрын анимациялық байқау Baiqonyr Film Festival халықаралық кинофестивалінің аясында ұйымдастырылып келген. 2023 жылы ұйымдастырушылар анимациялық бағытты жеке фестиваль ретінде бөлек Almaty Animation Festival атауымен өткізіп бастады. Қысқа уақыт ішінде бұл фестиваль Қазақстандағы анимация саласының дамуына серпін берген маңызды алаңға айналды.
Фестивальдің арт-директоры Иван Ардашовтың айтуынша, AAF Mini – авторлар мен студиялар ашық диалог құрып, тәжірибе алмасатын, серіктестер табатын және нарықта жұмыс істеудің нақты шешімдерін талқылайтын кәсіби платформа.
AAF Mini 2026 бағдарламасына кадрларға бөлу (сторибординг) мен продюсерлік бойынша шеберлік сабақтары, ISD Rubika анимация мектебінің жұмыстарын көрсету, анимациялық квиз енеді. Негізгі шаралардың бірі – «Коммерциялық анимацияда қалай табысқа жетуге болады?» тақырыбындағы панельдік пікірталас. Сонымен қатар, фестиваль аясында күні бойы «Авторлар аллеясы» жұмыс істеп тұрады, мұнда мини-жәрмеңке форматында авторлық жобалар ұсынылады.
«Фестиваль миссиясы – қазақстандық анимация дамуын қолдау. Біз кәсіби алаң құрып, аудиторияны кеңейтетін, жобалардың танымалдығын арттыратын, халықаралық ынтымақтастықты дамытып, индустриялық серіктестіктерді нығайтатын фестиваль бағдарламасын ұсынуды мақсат етеміз», – дейді Ардашов.
AAF Mini 2026 бағдарламасы:
14:00–14:30 — Ашылу. Авторлар аллеясы (іс-шара бойы ашық тұрады)
14:30–15:00 — ISD Rubika-дан видеоқұттықтау. Түлектер жұмыстарының көрсетілімі
15:00–16:00 — Анимациядағы сторибординг бойынша шеберлік сабағы (Евгения Барбакова)
16:00–17:00 — Продюсерлік бойынша шеберлік сабағы (Мұрат Тәңірберген)
15:00–18:30 — Қатар өтетін бағдарлама: «Қозғалыстағы барыстар» коллаж-анимациясы бойынша шеберлік сабағы (Reanimation студиясы)
17:00–18:30 — Анимация бойынша квиз
18:30–19:30 — «Коммерциялық анимацияда қалай табысқа жетуге болады?» панельдік пікірталасы.
20:00 — Жабылу салтанаты. Шеберлік сабақтарының нәтижесін көрсету
Бағдарлама туралы толығырақ Almaty Animation Festival фестивалінің Instagram парақшасында танысуға болады.
Өтетін күні: 2026 жылғы 21 ақпан
Басталу уақыты: 14:00
Өтетін орны: Almaty Creative, Марков көшесі, 44, 106-аудитория
Кіру: тегін








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін