È

Almaty animation festival қазылар алқасында кімдер болады

Almaty animation festival қазылар алқасында кімдер болады

Almaty animation festival ұйымдастырушылары анимация саласының танымал мамандарынан тұратын қазылар алқасын қуана таныстырады. Биыл қазылар алқасы төрт адамнан тұрады.

Қазылар алқасының төрағасы:

Рашид Агамалиев (Баку) – режиссер, продюсер, Әзірбайжан анимация қауымдастығының президенті, халықаралық ANIMAFILM фестивалінің директоры және аттас студияның негізін қалаушы.

Рашид Агамалиев
Рашид Агамалиев

Сонымен қатар, қазылар алқасының қатарында

Алмаз Қособаев (Алматы) – ANIMANIA фестивалінің негізін қалаушы және режиссері, продюсер, сценарист, режиссер, ҰКҚМО сараптамалық кеңесінің мүшесі.

Шыңғыс Асаналиев (Бішкек) – суретші, көркемдік жетекші, режиссер, Toondook анимациялық студиясының негізін қалаушы.

Анна Попова (Мәскеу) – «Союзмультфильм» киностудиясының «Умка» сериалының қоюшы-суретшісі, сонымен қатар «Огонёк Огниво» фильміндегі жұмысымен танымал.

Алмаз Қособаев
Алмаз Қособаев

Қазылар алқасы «Үздік халықаралық анимациялық фильм», «Үздік студенттік анимациялық фильм», «Орталық Азиядағы үздік анимациялық фильм», «Үздік эксперименттік анимация», «Үздік анимациялық музыкалық вижео», «Үздік анимациялық деректі фильм» номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

Шыңғыс Асаналиев
Шыңғыс Асаналиев

Алматыда 26-28 шілде аралығында Almaty Animation Festival-2024 халықаралық анимациялық фильмдер фестивалі өтеді. Алғашқы екі күні іс-шаралар Бәрібаев 36 көшесінде орналасөан «Трансформа» театрында, ал үшінші күні «Bunker» өнер баспанасында байқау бағдарламалары мен жеңімпаздарды марапаттау өтеді.

Анна Попова
Анна Попова

Фестиваль ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастығы қорының қолдауымен өтеді.

Сонымен қатар, фестиваль аясында шеберлік сабақтары, шығармашылық кездесулер, пікірталастар және танымал режиссерлердің лекциялары өтеді.

Бағдарлама туралы толығырақ Instagram желісіндегі @almaty.animation.fest парақшасынан танысуға болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер