«28 панфиловцев» - Қазақстан мен Ресей прокатында көшбасшылар бестігінде
«28 панфиловцев» фильмі прокаттың алғашқы күнінен бастап ресейлік көрерменнің көңілінен шықты, бұған дәлел кассалық табыс. Алғашқы аптада-ақ драма 150 миллион рубль пайда түсірді, бұл фильм Дмитрий Месхиевтің «Батальон» (149,5 миллиона рублей) фильмінен де, Ренат Давлетьяровтың«А зори здесь тихие…» (130,2 миллиона рублей) фильмінен десәтті шықты.
Ресейдегі «Кинозалдарда көрсетілетін фильмдердің көрсетілімі туралы ақпарат алатын федералд автоматтандырылған жүйенің» дерегі бойынша «28 панфиловцев» фильмінің 30 қарашадағы табысы 209,8 миллион рубль. Кинолентаның жалпы табысы 2 820 797 доллар, фильмнің өз бюджеті 1 700 000 доллар.
Отандық прокатта да әскери драма «28 панфиловцев»табысты картиналар сапында. Өткен аптада лента қоржынаға 52 234 600 теңге салды.
_rvd0.jpg)
Естеріңізге сала кетейік, «28 панфиловцев» фильмі - Қазақстан мен Ресейдің біріккен жобасы, бұл жобаны түсіруде халық қаржысының да үлесі бар. Картина даңқты генерал-майор Иван Панфилов басқарған аты аңызға атқыштар дивизиясы жайлы.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін