È

Жасөспірімдер мәселесі жайлы 30 секунд

Жасөспірімдер мәселесі жайлы 30 секунд

16 жастағы Айбек Түгелбаевтың қысқа метрі «Feeling Good - Feeling Bad» халықаралық кинофестивалінде бірінші орын алды. Қазақстандық оқушының 30 секундтық лентасы қазіргі заманның басты мәселесі болып тұрған ата-ана мен бала арасындағы байланстың үзілуі туралы. Айбектің айтуынша, бүгінгі таңда ата-аналар уақытының көбін баласына емес, әлеуметтік желіге бөлетнін өзекті мәселе. Шетелдік сыншыларды түсірілімнің тереңдігі мен ерекшелігі баурап алған көрінеді.

Австриялық отбасы мен жастар істері бойынша федеральдық министрі Софи Кармазин және Айбек Түгелбаев

Түсірілім тобын жас режиссер өзінің сыныптастарынан жасақтаған.Түсірілімді сабақтан бос уақыттарында жүргізген. Балалар бір аптадай монтаж жұмыстарымен мектеп студиясында аналысқан. Басты рөлде мектеп мұғалімдері мен оқушылары ойнады.

Нәтижесінде Айбек Түгелбаев пен оның командасы үздік видое үшін екі мың еуро көлемінде сыйақы алды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Төлеубек Аралбай

Актер