«31» арна полицейлер туралы жаңа ситком дайындап жатыр
Қазақстандық «31» арна көрермендерді таң қалдырмақ. Белгілі болғандай, қазіргі таңда батыл полицейлер туралы баяндайтын жаңа комедиялық хикая дайындалу үстінде. Жоба жөнінде телеарнаның бас продюсері Нұржан Мұхамеджанова толығырақ айтып берді.
«Бүгінде телеарна тобы полицейлеріміздің күнделікті өмірін баяндайтын жаңа ситкомның түсіріліміне дайындалып жатыр. Бұл танымдық жоба болайын деп тұр. Яғни, біз әзіл арқылы құқық қорғау өкілдерінің жұмысын көрсетеміз. Қазіргі таңда шығармашылық топ сценарийін жазып жатыр. Сонымен қатар, «Отбасылы жандар» («Женатики») хикаясының екінші маусымын түсіру арнаның жоспарында бар. Екі жоба да екі кинокомпанияның негізінде түсірілетін болады, бірақ әзірге олардың аттарын атай алмаймын»,-деді Нұржан Мұхамеджанова.
Нұржан Мұхамеджанова
Сондай-ақ, ол «31» арнаның жақын арада жеке қысқаметражды фильмін түсіретінін айтты. Өткен жолдары «Отбасылы жандар» («Женатики») комедиясының толық метрін түсіреміз деп ойлаған едік. Алдағы уақытта, мүмкін бұл жоба да жүзеге асып қалар. Дегенмен, бас продюсердің айтуынша, барлығы қаржылық жағдайға байланысты болмақ.
Телевизиялық фильмдерден бөлек, «31» арна эфирге 15-мамырда шығатын «Келіндер бәйгесі» реалити-шоуының 3 маусымын дайындап жатыр.
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
15 мамыр 2017, 22:48Прикольно