5 шілде күні Баян Есентаеваның «Баян. Өзім жайлы ғана емес» кітабы жарыққа шығады
5 шілдеде Баян Есентаеваның «Баян. Өзім жайлы ғана емес» кітабының ресми тұсаукесері болмақ. Содан кейін естеліктер жазбасы бірден қалалық кітаптар дүкеніне жол тартады. Кітап тиражы 20 мың дананы құрайды. Есентаеваның айтуынша, бұл жергілікті авторлардың арасында шыққан ең үлкен тираж болып саналады екен.
Продюсер «Muzzone» телеарнасына берген сұхбатында былай деді:
«Мен өзімнің әсеріммен, түсінігіммен, көзқарасыммен, қателіктеріммен мені жақсы көретін және ұнатпайтын адамдармен бөліскім келді. Мен барлығын жақсы түсінемін. Бұқара халықтың, жанкүйерлерімнің, көре алмайтындардың және қастық ойлаушылардың қызығушылықтары мені айналып өте алмасы анық. Мен оларға назар аудара алмай тұрмаймын. Көпшілігі өміріме қызығушылық таныттып, әсіресе БАҚ өкілдері тарапынан көптеген сауалдар қойылды. Сондықтан, кітап жазуды ұйғардым. Он немесе жиырма адам болса да, мені түсінсе екен дедім. Осы туындым арқылы елдің барлық сұрақтарына жауап беруге тырыстым».
Сурет: meloman.kz
Сонымен қатар, Баян сатылымнан түскен қаражаттың қайырымдылыққа жұмсалатынын айта кетті. Нақтырақ айтқанда, әлеуметтік зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер орталығын құруға бағытталмақ. Автордың айтуынша, аталмыш идеяны оған Тұрсен Алагөзов ұсынған.
Есентаева ғұмырнамасын 2016 жылдың 10 маусымында болған оқиғадан кейін жазуды қолға алған. Бұл идеясы туралы биылғы жылдың қаңтарында хабарлаған еді. Ал мамыр айында қолжазбасының мұқабасын таныстырды.
«Баян. Өзім жайлы ғана емес» кітабы Таиландтағы демалыс кезінде жазылған. Продюсер өмірбаяндық туындысын жарыққа шығару үшін 10 күн қатарынан белсенді түрде жұмыс істеген.
Превью: Muzzone телеарнасына берген сұхбат
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін