È

567 «Сүйе білсең» жаңа сериалмен жұмыс істеуде

567 «Сүйе білсең» жаңа сериалмен жұмыс істеуде

567 creative laboratory кинокомпаниясы «Қазақстан» телеарнасының тапсырысымен «Сүйе білсең» деп аталатын жаңа сериалды түсіруге кірісті. Жоба режиссеры - Ернар Нұрғалиев және Асқар Ұзабаев. Көпсериалы фильмнің продюсеры -Ринат Сафаров және Асқар Ұзабаев. Операторы Максим Задарновский.

«Сүйе білсең» сериалының түсірілімі

Сериалда драма, комедия және романтика жанры аралас. Әр кейіпкердің өз тағдыры бар, бірақ оларды біріктіретін барлығының спортқа деген махаббаттары. Ерік жігерлері мен жеңіске деген ұмтылыстары оларды адастырмай, жолдан тйдырмай, алға жетелейді.

«Сүйе білсең» фильмінде отандық белгілі актерлер ойнайды: Гүлназ Жоланова, Жандос Айбасов, Рүстем Жаныаманов, Қуаныш Керімқұлов, Ербол Семқұлов, Кәмшат Жолдыбаева, Ғазиза Тлеубай, Жұлдыз Ануарова, Роза Мұқатаева, Мансұр Серіков, Нұржан Әбубәкір.

Түсірілім тамыз айында басталды.

Шамамен «Сүйе білсең» картинасы биылғы жылдың соңында шығады.

Естеріңізге сала кетейік, Гүлназ Жоланова және Рүстем Жаныаманов екеуі бірге режиссер Жасұлан Пошановтың «Қашғарға саяхат» фильміне түсті.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса