È

Қыркүйекте көрсетілетін көрермен көптен күткен 7 фильм

Қыркүйекте көрсетілетін көрермен көптен күткен 7 фильм

Міне, жаз да өтті. Алдымызда жаңа оқу жылы, жұмыс, болашақ туралы ойлар. Көңіл көтеру мен ойын-сауық келесі жылға дейін артқа ысырылады. Алайда осындай сәттерде, көңіл-күй жабырқаулы кезде адамзат өзі үшін кинемотографты ойлап тапты. Біраз демалып, күліп, күйбең тіршіліктен басқа әлемге ену үшін адамға кино көмекке келеді. Қыркүйекте көрсетілетін фильмдердің арнайы топтамасында жоғарыда айтқан киноға тән қасиеттердің барлығы бар.

7. «Она»

Жылы/елі: 2016/Франция, Германия, Бельгия

Жанр: драма, триллер

Режиссер: Пол Верхувен

Еуропалық режиссерлердің ішіндегі ең голливудтық, Голливудтағы режиссерлердің ішіндегі ең ауропалық режиссер «Она» деген жұмбақ атаумен фильм түсірді. Фильм Канн фестивалінің негізгі байқауына қатысқан болатын. Фильм зорлық-зомбылықтың құрбаны болған париж тұрғыны Мишельдің жағдайы жайлы. Енді ол өөзін зорлаған адамды іздейді, өзін де, өмірін де мүлде өзгертеді. Жасы 80-ге таяп қалған Верхувен күтпеген жерден қатігез, түсініктсіздеу, кей жерлерінде күлкілі кино, және триллер түсірді. Ал басты рөлге аты аңызға йналған актриса Изабель Юпперді таңдапты, ол кинодағы ерекше рөлдерімен белгілі ауропалық киноның жұлдызы. Каннда сыншылар фильмді мақтады. бірақ бұл фильм (басқа да қызықты фильмдер секілді) ешқандай жүлде алмады. Бірақ кино әлемінің данышпаны Верхувенге бұл ешқандай да әсер етрпейді. это мало волнует.

 

6. «Глубоководный горизонт»

Жылы/елі: 2016/АҚШ

Жанр: боевик, драма, триллер

Режиссер: Питер Берг

Басты рөлде Марком Уолберг ойнайтын әлеумғеттік-саяси оқиғаның негізінде түсірілген драма элементтері бар мықты кәсіби кино. Мұндай картиналар америкалық кинематографтың классикасын құрайды: өз елінің патриоты қатардағы тұрғынның, адал жар, қамқор әкенің ар намысы туралы оқиға. айналаның барлығы қирап, бұзылып жатыр, бірақ кейіпкер былқ етпейді және өте батыл. Мұндай фильмдер ідетте дидактикалық сипатқа ие. яғни соңында тәрбиелік мәні болады. Питер Берг «Глубоководный горизонт» фильмі де осындай картиналардың қатарында.

 

5. «Великолепная семерка»

Жылы/елі: 2016/АҚШ

Жанр: вестерн

Режиссер: Антуан Фукуа

Антуан Фукуаның «Великолепная семерка» фильм ремейк («Великолепная семерка» Джон Стерджес 1960 жыл) ремейк («Семь самураев» Акира Куросава 1954 жыл). Постмодернистік белгілер: қайталауды қайталау, нақыл сөздер. Әдетте мұндай фильмдерде актерлық құрам мен режиссер концепциясынан басқа ештеңе өзгермейді. Фукуа өлмейтін карти насының жаңа нұсқасында нағыз америкалық «демократиялық» мәселелерге баса назар аударылады: осының көмегімен қызды еуропалық та, азиялық та, әрине, афроамерикалық та құтқарады (басты рөлде барлық ковбойлардың жиынтығы – Дензел Вашингтон). Актерлық құрам айтарлықтай керемет емес (танмалдардан Итан Хоук, Крис Пратт және Вашингтон), бірақ көрерменді қызықтырарлықтай. Оқиғаны бәрі біледі, соңын да. Сондықтан барлығымыз экшн- көріністерді тамашалап, классиканы еске түсіреміз.

 

4. «Сноуден»

Жылы/елі: 2016/США

Жанр: драма, триллер

Режиссер: Оливер Стоун

Танымал, әрі ең құрсметті режиссерлердің бірі Оливер Стоун өзінің саяси фильмдері мен америкалық үкіметті сынауы арқылы аты шыққан. «Сноуден» атты жаңа фильмінде де ол өзінің қалыптасқан көзқарасын өзгертпейді, ол әлі күнге ауырлау тақырып болып есептелетін қарапайым тұрғывндардың үстінен биліктегі құрылымлдардың аңдуы туралы мәселені қозғайды. Біздің заманымыздың батыры Эдвард Сноуден әлемдік қауымдастықта полемика туғызды және дебаттар мен дау-дамайлар ұйымдастырды. Бұл тақырыпқа әркім өзінше үлес қосатын болды. Бағдарламалар шықты, кітаптар жарық көрді, мақалалар мен эсселер жазылды. Ал Стоун фильм түсірді. Қазіргі замаендағы ең ақылды режиссердың өзекті тақырып туралы ойын фильм арқылы тамашалаған өте қызық болары сөзсіз.

 

3. «Бриджит Джонс 3»

Жылы/елі: 2016/Ұлыбритания

Жанр: мелодрама, комедия

Режиссер: Шэрон Магуайр

2000 жылдардағы атақты диалогияның жалғасы «Бриджит Джонс 3» кейіпкер Рене Зеллвегердің өміріндегі мәселелерін жаңалап көрсетеді. Енді ол жүкті. Ендігі мәселе – Бриджит баласының әкесі кім екенін білмейді. Сонымен тьағы да махаббатқа толы романтикалық, авантюра элементтері бар комедиялық, отбасылық оқиғалар басталады. Мелодраманы тек жақсы фильмді бағалаушылар ғанан емес, алдыңғы екі фильмнің табынушылары күтіп отыр.

 

2. «Джейсон Борн»

Жылы/елі: 2016/США

Жанр: драма, боевик, триллер

Режиссер: Пол Гринграсс

Фильмнің аты айтып тұрғандай картина Джейсон Борн жайлы. Бақа ештеңе айтудың өзі артық. Өте қарқынды көріністер, жарылып жатқан үйлер, атылып жатқан көліктер, Мэт Деймонның салмақты бейнесі. қазір де бәрі бұрынғыдай, тек масштабы үлкейген: Борн бүкіл әлемді оп-оңай аралап жүреді, көп мемлекеттердегі қаскөйлермен күреседі. Бітпейтін төбелес, қуғын. Кейде тіпті суперагент өзінің не қалайтынын өзібілмейтін тәрізді көрінеді. осы жолы эпикалық оқиға осымен бітеді деа үміттенеміз.

 

1. «Бен-Гур»

Жылы/елі: 2016/США

Жанр: драма, исторический

Режиссер: Тимур Бекмамбетов

Біздің топтамамыздың ішінде көрермен асыға күтетін фильмдердің көшін «Бен-Гур» фильмі бастап тұр. Бұл жаңа голливудтық фильм біздің отандасымыз Тимур Бекмамбетовтікі болғандықтан да асыға күтудеміз. 1959 жылғы классикалық фильмнің ремейгінде ештеңе өзгермейді: картина досына адал Бен-Гурдың кек қайтаруы жайлы. Көптеген сарапшылар лентаның прокатта сәтті болатынына күмін келтірген болатын. Осы күдік жайлап расталып келе жатқандай: фильм америкалық прокатта құлдырап кетті. Әлемдің прокаттағы жағдайы қлай болары белгісіз. бірінші рет сыншылар фильмді сынап, келушілер қатарының азаюына себеп болды. Ал біз әзірге күтудеміз, картина өз деңгейінде болады деп үміттенеміз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер