А+А=Махаббат
Алматыда атауы романтикалық «А+А» картинасының түсірілімі аяқталды. Қоюшы-режиссер Данияр Саид. Басты рөлдерде Сиви Махмуди және Ренат Баситов.Сондай-ақ түсірілімге Макпал Жүнісова және Жан Байжанбаев қатысты.
«А+А» - бұл радиожүргізуші болуды армандайтын қарапайым қыз Әнел мен боксшы Арлан атты жігіт туралы.
Бес жыл темір тордың арғы жағында отырып шыққан жігіттің өмірге бейімделуі қиын. Алайда ол бірде көздері өте әдемі қызды кездестіріп, оған бір көргеннен ғашық болып қалады. Арлан мен Әнелді не күтіп тұр. Өйткені «жаман жігіт» пен «жақсы қыз» жүрсе, олардың бас қосуы екіталай емес пе?

Түсірілім Алматы мен Зареченсий түрмесінде өтті. Авторлардың айтуынша лентаның монтажы шамамен үш ай уақыт алады. «А+А» күзде прокатқа шығып қалуы мүмкін.
Саундтректі Гүлнұр Оразымбетова, «Саламат» тобы, Қайрат Нуртас, «Азия» тобы, Мақпал Жүнісова жазды. Елиптердің ротациясы қазақстандық телеарналарда жүреді.
Картинаның бюджеті өте аз болатынын айтылған болатын, бірақ нақты қанша екені белгісіз.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін