Әділхан Ержановқазіргі қоғамның кемшіліктері жайлы
10 маусымда ҚБТУ киноклубы «Чума в ауле Каратас» фильмінің көрсетілімін ұйымдастырады. «Партизандық кино» қозғалысының незгізін қалаушылардың бірі Әділхан Ержановтың өзі 22 сәуірде тұсаукесері болған атышулы лентамен көрерменді таныстырады.
Фильмдегі оқиға ауылға жаңа әкім келіп, ауылға өзгерістер енгізуге тырысқанынан басталады. Ол жергілікті дәстүрмен күреседі.Осы күрес немен аяқталады, мұны көрермен өзі тамашалайтын болады. Режиссердің өзінің айтуынша, лента қазіргі қоғамның кемшілігін көрсетеді.

«Чума в ауле Каратас» фильмінен кадр
«Чума в ауле Каратас» Роттердамдағы кинофестивальда ең үздік азиалық фильм деп танылды сондай-ақ, Ресейдегі Андрей Тарковский атындағы «Зеркало» байқауының бағдарламасына енді.
Кинокартинаның жас режиссерының қоржынында «Риэлтор», «Свирепые конокрады», «Хозяева» және басқа да фильмдер бар.
Көрсетілім 10 маусым күні сағат 19:00-де ҚБТУ-дың дөңгелек залында өтеді. Көрсетілімнен кейін кеш қатысушылары режиссермен сұбаттасып, сұрақтарына жауап алуларына болады.
Қатысу үшін алдын ала тіркелу керек, өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болсын. Қосымша ақпарат алу үшін Михаил Акуловқа хабарласуға болады.
Әйгерім Қасқыр
Еще по теме:






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін